Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұратхан Тоқмәди: Келіншегім мені заңсыз тұтқындалды деп есептейді, бірақ шын мәнінде олай емес (видео)

Тұтқынға алынып жасаған заңсыз әрекеттері үшін сотталған белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәди өзіне тағылған айыптауларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Телеарна Тоқмәди туралы деректі фильм дайындап, онда бизнесменнің өзінен, туыстарынан, сыбайластарынан пікір алған.

“Менің келіншегім баған заңсыз айып тағылып отыр деп мәлімдеді, бірақ бұл олай емес. Оны бір адамдар адасушылыққа жетелеп, ол сосын сондай мәлімдеме жасап отыр. Біз адвокатпен ашық жұмыс істеп жатырмыз. Іс бойынша әртүрлі көзқарастар болды. Біз қазір тұрақты негізде жұмыс істеп жатқан адвокат бар. Және жауап беругі тиісті фактілер де бар”, – деді Тоқмәди. Бұған дейін Жәмила Айымбетова ҰҚК ұстап әкеткен бизнесмен күйеуінің ісіне байланысты үндеу жолдаған еді.

Белгілі болғандай Тоқмәди тек бопсалау мен заңсыз қару айналымына ғана емес, сондай-ақ белгілі банкир Ержан Тәтішевтің өліміне де кінәлі көрінеді. Фильмнің келесі серияларында іс туралы тағы да толығырақ айтылмақ.

Естеріңізге салсақ, Мұратхан Тоқмәди 12-ші маусымда түн ортасында өз үйінде тұтқындалған болатын. Кәсіпкердің қолына кісен салуға полициямен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жұмылдырылған. Жалпы, бизнесменге қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етті деген айыптар да тағылған. Бірақ, ол «Бопсалау», «Заңсыз қару-жарақ сақтау, сату, тасымалдау» сынды ауыр баптармен сотталып отыр. Сот онда да бар-жоғы 3 жыл кескенімен, бизнестегі былықтары үшін мемлекетке бақандай 225 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттепті.

Оқи отырыңыз:

Алматы тұрғыны интернет арқылы Батырхан Шүкеновтың жеке куәлігін саудаға шығарып жатыр

Сәбиін еденге атып ұрған келіншек 3 жылға сотталуы мүмкін

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына айыппұл салынды

Қазақ-қырғыз шекарасындағы 8 шақырымға созылған кептеліс әуеден видеоға түсірілді (видео)

Талқылау