Мұрат Телібеков XXI ғасырда ақырзаман болмайтынына кепілдік берді
Соңғы кезде әлемнің түрлі түкпірінде бұрын соңды жұрт көрмеген ерекше құбылыстар пайда бола бастады. Солардың бірі ақырзаман белгісі ретінде ағып тұрған судың өртенуі.
Әлеуметтік желілерде тараған «өртеніп ағатын суды» көргендер ақырзаман белгісі дегенге тоқтаған еді.
Ал «Қазақстан мұсылмандары» одағының төрағасы Мұрат Телібеков ақырзаман белгілерін басқа жақтан іздеуге кеңес берді. Одан қалса, қияметтің жер бетіне жетуіне әлі бір ғасырдай уақыт барын айтады.
«Видеолар жалған. Мен қазірге ақырзаман жақындағанын байқап тұрған жоқпын. Құдай сақтасын. Жұмыстарыңызды істеп жүреберіңіздер, уайымдамаңыздар. Қияметтің жетуіне әлі ерте. Мен гарантия берем XXI ғасырда ақырзаман болмайды. Сенбесеңіз, шынымен болып кетсе әр адамға бір миллионнан беремін, уәдем осы.»,-деп салды «Қазақстан мұсылмандары» одағының төрағасы.
Оқи отырыңыз:
Оқушы қыз бұрынғы жігітімен жүре бастаған қызға химиялық қышқыл құйып жіберді
Трамптың шешімімен биыл Ақ үйде Ораза айтқа орай қонақасы берілмейді
Британдық газет Астананы Сингапурге теңеп жазды
Түркияда мектеп оқулықтарынан Дарвиннің эволюция теориясын алып тастады

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
