Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрат Қожаның бұрынғы жары үш қызымен қалай күн көріп жүргенін айтты

Жуырда ғана Мұрат Қожаның жас келіншегі әншіге қыз сыйлады. Әнші осымен төртінші қыздың әкесі атанды. Бұған дейін халық Мұрат Қожаны бұрынғы әйелі мен үш бірдей қызын тастап кеткені үшін талай сынаған да еді.

18381833_470259029979471_9047509970945310720_n

Айман Нұразхан үш қызымен бірге. Суреттер Айман Нұразханның Instagram-дағы парақшасынан алынды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мұрат Қожаның алғашқы жары Айман Нұразхан – танымал карикатурашы Еркін Нұразханның қызы. Әншімен айырылысып кетсе де, Айман бүгінде шоу-бизнестің қайнаған ортасында жүр. Ол Ұлықпан Жолдасовтың, Рахман Омардың, Ринат Зайытовтың, сондай-ақ, «Музарттық» жігіттердің келіншектерімен етене араласады. Оны Instagram желісінен байқауға болады.

18380934_1285661061509641_8410049344325025792_n

Айман Нұразхан Ринат Зайытовтың ұл-қыздарының тойында эстрада жұлдыздарының келіншектерімен бірге. Суреттер Айман Нұразханның Instagram-дағы парақшасынан алынды

Айман Нұразхан ішкі жан-жарасын ешкімге білдіртпейді. Үш қызымен жалғыз қалған ол ел алдына шығып, мұңын да айтқан емес. Жуырда Айман 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында алғаш рет үш қызын көрсетіп, олар туралы әңгімелеп берген еді.

«Үш тал гүл қыздарым. Үлкені – Іңкәр 13 жаста, ортаншым – Арай 12 жаста, екеуі де №173 физика-математика мектеп-лицейінде оқиды, кенже қызымыз Ажар К.Байсейтіова атындағы мектептің скрипка сыныбында 2-сыныпта оқиды», – дейді Айман Нұразхан.

Иә, әкелері бақытын басқадан тапқалы үш қыз аналарымен бірге тұрып келеді. Бүгінде Айман ханым олардың тәрбиесіне барынша қаталдықпен қарауға тырысатын көрінеді. Ал оның еркелері бос уақыттарын текке өткізбейді екен.

18013278_1941078026138323_5398209927506296832_n

Суретте: Мейрамбек Бесбаевтың келіншегі Мархабат, Ұлықпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова және Айман Нұразхан. Суреттер Айман Нұразханның Instagram-дағы парақшасынан алынды

«Атасы газет-журналдарға жаздырып қойған. Ай сайын, апта сайын «Ұлан» газеті, «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары келеді. Сол газет-журналдарды оқып, өсіп келе жатқан қыздар. Газет-журналға өздерінің қызығушылықтары болмаса да, оқытқызамыз. Қыздарыма өте қаталмын, еркелетемін, әрине.

Қаталдық жағы барлық жағынан байқалады. Қыздардың жүріс-тұрысына, киім, шаш үлгісіне қатты қараймын. Менімен ақылдасып отырады. Төртеумізде былай айтқанда – «тандем», – деп ағынан жарылды Айман Нұразхан.

Анасы қатал болғанымен, үш қызды ата-әжесі мен нағашылары еркелететін көрінеді.

«Олар ананы, мынаны алып бер деген сайын олардың еріктеріне көп жүре бермейміз. Бірақ атасы мен апасы, менің екі бауырым өте қатты еркелетеді. Менің үш қызымның сөздері – заң. Жан-жақтан еркелетеді, алып бер деген заттарын алып береді. Ол жағынан маған қиын емес», – дейді үш қыздың анасы.

17587499_283637698729499_6417629941449359360_n

Айман Нұразхан Гүлзира Айдарбекованың туған күнінде. Суреттер Айман Нұразханның Instagram-дағы парақшасынан алынды

Қайсар мінезді ару жан-жарасы сыздаса да, алғаш рет қыздарын көрсетіп, ойын ашық айтты.

«Бұл сұхбатты әркім әрқалай қабылдауы мүмкін. Менің сұхбатқа келісуімнің мақсаты – жұрт көзінен жасырып жүрерлік жаман сырым жоқ. Қыздарымның беті ашық болсын», – деді ол.

18300270_283264022133128_4584353374836621312_n

Мұрат Қожа мен Айман Нұразханның үш қызы Димаш Құдайбергенмен бірге. Суреттер Айман Нұразханның Instagram-дағы парақшасынан алынды

Сөз соңында Мұрат Қожаның экс-жұбайы үлкен екі қызының ерте есейгенін, олармен құрбылардай сырласатынын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан бұрынғы күйеуінің ұлына алимент төлемейтінін айтты

Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайрат сияқты бола алмайды

Мейрамбек Беспаев келіншегінің өзіне ұнайтын қасиеті туралы айтты

Ләйлә Сұлтанқызы анасының Пайғамбар жасына толуына орай дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Талқылау