Мұрат Әбенов студенттерге магистратурада оқудың неліктен қажетсіз екенін айтты
«Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов магистратурада оқудың тиімсіз жақтарып тізіп берді.
«Қазақстанда магистратурада оқу қамсыз студенттік өмірді жалғастырудың, ата-ананың мойнына отырудың белгісі. Көп шәкірттер осы себептермен магистратурада оқиды. Одан да неге жұмыс істеуге талпынбайды. Іс тәжірибе жүзінде өзін шыңдап, қосымша жұмыстарды білмекке ұмтылғаны жақсы емес пе. Магистратураны қажеттілік туындап жатқанда ғана оқысын. Көпшілігі бакалаврды жоғары білім емес деп санап, мұндай дәрежені тек магистратурада оқығанда ғана алады деп ойлайды», – деп жазады Мұрат Әбенов Facebook желісіндегі парақшасында.
«Магистратура білімінсіз жұмысқа орналасу еш қиындық тудырмайды. Көптеген министрлер мен әкімдер парламент депутаттарының тек бакалавр дипломы ғана бар. Ұлттық компанияларда да солай. 80 пайыз қазақстандықтарда да сондай жағдай. Сондықтан жақындарыңызды адастырудың қажеті жоқ», – дейді ол.
Мұрат Әбенов студенттер үшін екі жыл уақыт ішінде жұмыс істеп, ата-аналарға көмектескеннің тиімді екенін айтады.
«Одан да ата-аналарыңызға көмектесіңіздер. Магистратураның да тиімділігі бар шығар. Ғылыммен айналысқысы келетіндер үшін де айтарым, мамандық бойынша жұмыс істемей пайдалы жаңалық ашу мүмкін емес. Мен жаңа білім алуға еш қарсы емеспін, тек оны ойлана келе әрі қажеттілік туындап жатқанда ғана қолға алу керек», – деп жазады.
Жіберіп алмаңыз:
Азиялық қыздар жаңа эротикалық флешмоб бастады (видео)
Жүздеген адам анасы тастап кеткен қыздың жерлеу рәсіміне келді (фото)
Саясаттанушы сауда орталығындағы сатушының қазақша сауалына жауап бермей дауласқанына ашынды
Сергей Безруков қазақстандық науқас қызға көмектесу үшін өз портретін сатты