Тойда кездесіп қалған мүлдем байланысы жоқ егіздер ішек-сілесі қатқанша күлді (видео)
Малайзияның Селангор штатында 29 жастағы Эзли Йозоф күтпеген жерден өзінен аумайтын сыңарын кездестірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: Видеодан скриншот
Барлығы суретке түсіп жатқан кезде Йозофтың досы Амир Зульфадли Зулькифли екі ер адамның бір-біріне қатты ұқсайтынын байқап қалады. Олардың дене бітімі ғана емес, сол күні тойға киіп келген киімдері де ұқсайтын болып шығады: қызыл поло, әйнегі қара көзілдірік және екеуі де таз.
Зулкифли түсірген видеодан Йозоф пен оның сыңарының бір-бірін байқап, күліп жіберген сәтін көруге болады. Олар бұл кездесуге қатты таңғалғанын жасырмады. Сондай-ақ, тағы бір кездесу өткізіп, бірге суретке түсуге уәделесті.
Йозоф – күйеу жігіттің бала күнгі досы, ал оның сыңары – жас жұбайдың әріптесі.
Талқылау

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
Жанель: "Сезіміміз бен сеніміміз сыналды"

"Президенттің ұзақ мерзімге отыруы қате": 14 жыл бойы ЕҰУ-ды басқарып келе жатқан Ерлан Сыдықов әлеуметтік желіде сынға қалды
Басылым жариялаған видеода журналистің ректордың соңынан қалмай, сұрақ қоюға тырысқанын байқауға болады