Мұхаммед Әлиді жерлеу рәсімі мұсылман шариғатына сай өткізілді (фото)
Мұхаммед Әлиді жерлеу рәсімі мұсылман шариғатына сәйкес жүргізілді. «Ол өзінің жерлеу рәсімі «өзгеге үлгі болса екен деді», – дейді имам Заид Шакир.
Атақты боксшының туған жері Луисвиллде Әлиді жерлеу рәсімі екі күнге созылады. Алдымен мұсылман шариғатына сай қоштасу рәсімі өтті. Оның туыстарының айтуынша, Мұхаммед Әли өзінің жерлеу рәсімінің жоспарын өзі құрып кеткен.
Жерлеу кезінде Мұхамед Әлидің табытын Уилл Смит пен Леннокс Льюис көтеретінін, боксшымен қоштасу билеттері бір сағат ішінде таратылып кеткенін хабарлаған едік.
- Мұхаммед Әли өткен жұма күні 74 жасында қайтыс болды.
- Боксшымен қоштасу рәсіміне 14 мыңнан астам билет таратылды.
- Қоштасу орны Әлидің 1961 жылы соңғы төбелесі өткен Луисвиллдегі KFC Yum аренасында өтті.
- Өзінің спорттық мансабында Мұхамед Әли көптеген елдерде болған және ол әлемдегі ең танымал мұсылманның бірі болды.
- Мұхаммед Әли «ақшасын да, атағын да иманы мен өз талаптарын орындау үшін құрбан етуге дайын еді», – деді имам Шакир жаназа намазын оқып болған соң.
- «Ислам дәуірі жүріп тұрған саясат аясында бұл жерлеу рәсімі бір мезетте жақсы мұсылман не америкалық болуға болмайды деген жауап ретінде ауыр соққы болуы мүмкін», – дейді америка-ислам қатынасы Кеңесінің мүшесі Давуд Валид.
- Жерлеу рәсімі жұма күнге дейін жалғасып, оның балалығы өткен үйі мен мұражай арасынан жүріп өтеді.
- Жерлеуге кейбір әлем елдерінің көшбасышысы АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон пен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған қатысады. Ал, АҚШ президенті Барак Обама өзінің үлкен қызының мектеп бітіру кешіне қатысатындықтан, жерлеуге келе алмайды.
Рәсімде сөз алған дәрігер Шерман Джексон боксерлік термин қолданып, «Әли адам бір уақытта мұсылман, әрі америкадық бола ала ма деген сұрақты нокаутқа жіберді» деді.
Жіберіп алмаңыз:
Талқылау