Мұхамед Әлимен қоштасу рәсімінің билеттері бір сағатта таратылып кетті
Мұхамед Әлидің туған қаласы Луисвиллде атақты боксшымен қоштасу рәсіміне дайындық жүріп жатыр. Ол өткен аптаның жұмасында бақилыққа аттанған болатын. Жұма күні «Фридом-Холл» аренасында өтетін қоштасу рәсіміне 30 мың тегін билет бір сағат ішінде таратылып кетті.

Мұхамед Әли 3 маусым күні Аризон штанының Феникстегі ауруханада 74 жасында өмірден озды.
Қаралы жиын екі күнге жалғасады. Мұсылман ғұрпымен жаназасы бейсенбі күні шығарылады.
«Бұл адам нағыз тарих деуге болады. Мені әкем осы жерге алып келіп, бұл адам туралы көп айтатын. Былайша айтқанда ол маған үлгі болды. Олай болса оған деген құрметімді неге білдірмеске?», – дейді атақты американдықтың жанкүйері.
«Ол өз адамымыз еді. Жуырда ол ымырасыз қара нәсілді болғанын оқыдым, ал сол уақыттарда бұл оңайға соқпайтын», – деп санайды боксшының жанкүйері.
Қаралы жиын басталғанға дейін Луисвиллде атақты боксшы өмірінің жарқын сәттеріне арналған «Мен Әлимін» атты фестиваль өтпек.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды