Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдер тағы да міндетіне жатпайтын жұмыстарға “жегілмек”

Мәжілістегі коммунистер фракциясының депутаттары мұғалімдердің тағы да міндетіне кірмейтін жұмыстарға “жегілмек” екенін айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.

825392

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Биылғы жылы түрлектердің қорытынды аттестациясы және ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына сәйкес түлектер орта білім жөніндегі аттестат алу үшін мектептерде емтихан тапсырады және жоғарғы оқу орнына түсіп, грант алу мүмкіндігіне ие болу үшін ҰБТ тапсырады. Қазіргі уақытта білім және ғылым министрлігі ҰБТ тапсыру шараларын ұйымдастыруға мектептерді жауапты етіп бекітіп жатыр. Оның ішінде мектеп түлектерін жинау, көлікпен қамтамасыз ету, орталықтандырылған тамақ ұйымдастыру, кейбір жағдайда тұратын жер әзірлеу секілді жұмыстар бар. Бұл ретте аттестат алған түлектер мектептің оқу процесінің қатысушысы болып табылмайтынын атап өту керек. ҰБТ өткізуді ұйымдастыруға мұғалімдерді тарту міндетіне кірмейтін жұмысты орындау ғана емес, сонадай-ақ өз өкілеттіктерін асыра пайдалану болып табылады”, — деді мәжілістің жалпы отырсында Ирина Смирнова.

Оның айтуынша, тестілеудің мұғалімдердің демалысы кезінде өтетінін де ұмытпау керек. Бұл дегеніміз, мұғалімдерді еңбек демалысынан шақырып алады деген сөз. Бұдан бөлек, ҰБТ-ға қатысу әр түлектің жеке құқығы болып табылады. Егер ол әрі қарай жоғарғы оқу орнына түсуді көздемесе, оны ешкім мәжбүрлей алмайды.

“Білім және ғылым министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында бір ақпарат береді де, ал шын мәнінде басқа жағдайға тап боламыз. Жақында ғана министрлік басшылығы ресми түрде мұғалімдерді міндетіне кірмейтін жұмыстардан босату қажеттігін мәлімдеген еді. Енді сөзден нақты іске кірісетін уақыт жетті. Сондай-ақ ҰБТ қорытындысы бойынша тағы да мектептердің рейтингісі жасалады деген ақпарат алаңдаушылық тудырады. Бұл жағдай мектептің мақсат-міндеттеріне сәйкес келмейді деп санаймыз”, — деді Смирнова.

Осыған орай, депутаттар, мектеп мұғалімдерін ҰБТ өткізуді ұйымдастыру міндетінен босатуды және рейтинг жасау тәжірибесін доғаруды сұрады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда қандай қылмыстар үшін азаматтықтан айыруы мүмкін

Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы парламентке түсті

87 жастағы академик Төрегелді Шарманов ұзақ жасаудың құпиясын ашты

Павлодарлық жігіт полицейдің көлігінің үстіне шығып алып селфи жасады

Талқылау