"Мойнына ине тығып, арқанмен тұншықтырған": БҚО-да досын өлтірген төрт қылмыскер жазаға тартылды
6 қазанда БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудандық соты Бәйтерек ауданы Январцево ауылының тұрғыны 34 жастағы Михаил Крайновты айуандықпен өлтірген төрт айыпталушыға қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.
Спортшы бір үйдің жанашыр отағасы көрші үйдің бірінде айуандықпен өлтірілген. Бұл іске ауылдың төрт тұрғыны күдікті деп танылды. Марқұм болған Михаилдың әпкесі Клавдия Крайнова інісін айуандықпен тамағына ине тығып, буындырып, Жайық өзеніне лақтырып жібергенін айтты. Кісі өлтіру оқиғасы өткен жылдың 25 қарашасында болды, мәйіт бес күннен кейін табылған.
6 қазанда судья Асланбек Дүйсенғалиев қылмыскерлерге үкім шығарды.
“Сотталушылар Сысоев, Былинкин, Стоякин, Соколов және марқұм Крайнов Сысоевтың әкесінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен. Ішімдік ішіп отырып, Крайновпен жанжалдасыпқ қалған Сысоев қолына түйреуіш тәрізді зат алып алып, Крайновтың денесіне, мойнына, арқасына бірнеше рет соққы берген. Крайнов еденге құлаған соң да ол басына соққы жасауын тоқтатпаған. Сосын мойнын арқанмен тұншықтыра бастаған. Крайнов алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Негізінде Сысоевтен басқа қалған сотталушылардың бұл қылмысқа қатысы жоқ. Олар бастапқыда полицияға хабар бермек болғанымен, Сысоев олардан мәйіттен құтылуға көмектесуді өтінген. Олар келісіп, Былинкиннің мотороллерімен марқұмның денесін Жайық өзенінің жағасына апарып, Сысоев алдын ала ескекпен мұзды жарып, мәйітті суға тастаған. Кейін барлығы ауылға қайтқан. 30 қарашада Крайновтың денесі су ағысы жанынан табылды”,- деді судья.
Сотталушылар кінәларын мойындап, істеген істеріне өкінді. Олардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденген.
Сысоевке ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен кісі өлтіру бойынша кінәлі деп танылып, жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Былинкин ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы қылмысты жасыру бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеуге;
Соколов пен Стоякинге ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы қылмысты жасыру бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуге жаза тағайындалды.
Барлық сотталғандар маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеуден өтеді. Ал Сысовев жеті миллион теңге көлемінде материалдық және моральдық шығынды өтеуі тиіс.
Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.
Өлтірілген Михаилдің әпкесі Клавдия Крайнова сот үкімімен келіспей, оның үстінен аппеляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Оның пікірінше, адам өлтіруге барлық сотталғандар қатысқан, яғни барлығына ең жоғары жаза тағайындалуы керек.