Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мойнымда несием бар": Нұргүл Мыңғатова "құтырып кетті" дегендерге жауап берді

“Келінжан” телехикаясындағы Балқия рөлі арқылы танылған Нұргүл Мыңғатова оқырмандарымен сырласып, жан дүниесін жайып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nurgul.myngatova

Отандық киножұлдыздың айтуынша, туабітті болмысы бірқалыпты жасандылыққа жаны қас екен. 

“Мен өзімді шынайы етіп көрсетемін! Қалай бар, солай?! Тойға барсам, шын көңілмен билеп, көңіл көтеріп қайтамын. Әлеуметтік желіде бөлек, өмірде бөлек көрінбеймін. Мысалы, мына суреттер кинодағы образым, өмірде олай жүрмеймін ғой. Бұл тек – менің жұмысым. Демек өмірде рөлге кіріп, ойнай алмаймын. Бір тойда Айсара абысынтайыммен қуып, билеп қалып едік, халқым небір нәрсе жазды ғой. "Балқия құтырған, байып алып секеңдеп жүр" депті. Жандарым-ау, менің мойнымда да несием бар. Бірақ бір сәтке билеп, көңіл көтергім келеді. Сонда мен тойда актриса болып, ешкіммен араласпай отыруым керек пе?! Табиғатым солай, арам ойым жоқ. Жан-жағымды ойламай демаламын. Бірақ, өкінішке қарай, соны қолданып, түсіріп, басқаша салып қоятын жандар бар. Өмір – бумеранг. Қатыгез болмайық! Мен сіздерге не жамандық жасап қойдым, а?!”, – деп жазды актриса. 



Өнер иесінің оқырмандары актрисаға қолдау білдіріп, қаңқу сөзге мән бермеуге шақырды. 

“Нұргүл туралы менен сұраңдаршы. Өмірде де, өнерде де бірқалыпты жүреді”, “Өскеменнің әуежайында қаншама рет кездестім. Өте қарапайым”, “Саған бәрі жарасады. Елді тыңдамай, өзің үшін өмір сүр”, “Сіздей көңілді жүру көп адамға арман”, Жұртты тыңдасаң, өмір сүргің келмейді, өзіңе ұнайтын нәрсені жасай бер", "Өте қарапайым адамсыз, солай болып қалыңызшы", "Тойға барғанда билемесең, онда оның несі той?!" – деп жазды оқырман қауым. 

Еске салайық, актриса анасының 27 жасында екі баламен жесір қалғанын айтқан еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 12 Шілде, 2024 10:59
Талқылау