Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Монополистер алматылықтарға 29 млрд теңге қайтаруды міндеттеді

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті монополистердің тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы есептерге жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бірқатар заңсыздықтарды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ақша

Тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны, сондай-ақ есептерді ұсынбағаны үшін 20 табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 34 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тұтынушылар қайтару керек жалпы сома 29 млрд теңгені құрайды, оның ішінде:

- магистральдық құбыр жүйелері бойынша мұнай айдау саласында – 28,9 млрд теңге;

- кірме жолдар саласында – 15,04 млн теңге;

- сумен жабдықтау саласында – 18,96 млн теңге;

- су бұру саласында – 8,35 млн теңге;

- электр энергиясын беру саласында — 4,81 млн теңге;

- жылумен жабдықтау саласында —11,97 млн теңге;

- магистральдық және газ тарату құбырлары арқылы газ тасымалдау саласында — 32,81 млн теңге.

Сондай-ақ, бүгінгі күні бірқатар табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты тарифтік сметаларды, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны және есептер ұсынбағаны үшін тиісті ден қою шаралары қабылдануда.

Талқылау