Моңғолиялықтар Қазақстандағы Жошы ханның кесенесінде рәсім өткізді

Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде моңғолиялықтардың Ұлытау облысында орналасқан Жошы хан кесенесінде ғұрыптық рәсім жасап жатқан видеосы тарады. Бейнежазбадан ұлттық монғол киімін киген ер адамның кесенені айналып өтіп, бидай шашып жүргені көруге болады. Бұл туралы Stan.kz агенттігі хабарлайды.
Кесене маңында жасалған бұл салт молшылық пен ата-бабаларға деген құрметтің нышаны. Бидай шашып жүргендер мұны “ұрпақтар көп болсын” деген ниетпен жасап жүргенін айтты.
Желіде тараған видео желі қолданушыларының ашуын туғызды. Олардың көбі Жошы ханның моңғол халқына еш қатысы жоғын айтады.
“Шыңғыстың моңғолға еш қатысы жоқ, орыстардың саясаты моңғол қылып қойған”, “Бұларға әуре болмаңдар, үйлеріңе қайт деу керек қой”, “Жошының бұларға еш қатысы жоқ. Қуа бермесін”, “Біз маңғолдарды неге талтаңдатып қойдық. Жошы - қазақ, маңғол емес”, “Моңғолдар қазіргі бурят калмыктар, Шыңғыс ханның ұрпақтары біздер”, – деп жарыса жазды желідегілер.
Жошы — Шыңғысханның үлкен ұлы. Ол қазіргі Қазақстан аумағын қамтыған — Ертістен Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Монғол империясының батыс бөлігін, яғни Жошы ұлысын басқарған. Дәл осы өңірде ол дербес билеуші ретінде өмір сүріп, Ұлытауда жерленген.
Аңыз бойынша, Жошы хан аңшылық кезінде жараланған құланның қолын тістеп жұлып алуынан қаза тапқан. 1946 жылы академик Әлкей Марғұлан басқарған археологиялық экспедиция Жошы хан кесенесін ашып, оң қолы жоқ адамның сүйегін тапқан — осылайша аңыз ғылыми тұрғыдан дәлелденді.
Ғалымдар сондай-ақ кесенеден барлық қазақ рулары мен қарақалпақтардың таңбаларын тапқан. Бұл XIII ғасырдың өзінде Қазақстан аумағында қазақ халқының қалыптаса бастағанының жанама дәлелі болды.
Жошы ханның Ұлытаудағы жерленген орны қазақ мемлекеттілігінің нышаны болып саналады. Одан Алтын Орда билеушілері мен Қазақ хандығының негізін қалаушылар — Керей мен Жәнібек тарайды.
XIII–XIV ғасырлардағы кесене "Ұлытау" тарихи-мәдени кешенінің құрамына кіреді және ұлттық маңызы бар нысан ретінде қорғалады
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді