Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моңғол әншісі Төреғалидің әнін қазақ тілінде орындады (видео)

Моңғол әншісі Б.Билэгдэмберел Төреғали Төреәлінің «Төрешім» әнін қазақша орындады.

новый коллаж654

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Пікірлерге зер салсақ, тыңдармандардың разы екендігін аңғару қиын емес.

Желі қолданушылары: «Біздің əнімізді басқа ұлттың айтқанына қуану керек. Біздің қазақтың əншілері шет елдің əндерін орындағанға қуанамыз ғой бөркімізді аспанға атып», «Қазақша білмейтін қазақтардан жақсы айтты. Тілінде бұрмалану аз», – деп пікір білдірген.

Алайда біреудің әнін орындағаны үшін моңғол әншісінің басы дауға қалуы мүмкін екендігін болжағандар да бар.

«Бұл үшін де дау болатын болды ғой. Себебі қазір әншілер өздерінің әнін өзге біреу айтса болды, дауласып, соттасып жатады», – дейді Гүлім есімді желі қолданушысы.

Моңғол әншісі “Ұлы дала баласының” хит әнін музыкалық жобалардың бірінде орындаған ұқсайды. Видеодан бағдарламаның “Аяыгтаа” деп аталатынын байқауға болады.

 

 

Жіберіп алмаңыз: 

Төреғали Төреәлі Рио жеңімпаздарына өлең арнады

«Ордабасының» жартылай қорғаушысы Төреғалидің санынан ұстады (Фото)

Төреғали Төреәлі «Біртүрлі қыз» әніне бейнебаян түсіріп жатыр

Өзін мақтаған Төреғали Төреәлі сын астында қалды

Талқылау