Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекованың екінші мәрте ана атануға әзірленіп жүргені рас па?

Жуырда ғана Алматыға қоныс аударған Әуелбекованың, жеке өмірінде жақсы жаңалық бар. Әнші ұлы Салтайға бауыр сыйлауға ниетті көрінеді. Камера объективіне кездейсоқ іліккен Мөлдірдің жүкті екенін аңғармау мүмкін емес.

Фото: Мөлдір Әуелбекованың желедегі парақшасынан алынды

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Мөлдір бұл жолы өмірде емес, клипте жүкті кейіпкер образында. Ол көпшілікке Шімән апа атымен таныс, Ерболат Төлегеновтің бейнебаянында аяғы ауыр келіннің рөлін сомдайды.

“Немеренің артығы болмайды. Қазақтың санын көбейту керек, қазақтың санын көбейту керек, 100 миллионға жеткізу керек. Сондықтан, Мөлдірге ту деп жатқаным сол ғой”, – дейді актер Ерболат Төлегенов.

Әзіл әнге құрылған клиптің сюжетінде, Шімән апаның 5 ұлы бар. Олар суретші, полиция қызметкері, сот, құрылысшы және дәрігер. Ал, ақ халатты азаматтың кейіпіне енген Сейфуллин Жолбарыс, сол жүкті әйелдің жұбайы екен.

“Жұбайымның аяғы ауыр, жұбайымның рөлін сомдап жатқан Мөлдір Әуелбекова. Әзіл клип болғаннан кейін, екіқабатты да солай таңдап жатыр деп ойлаймын”, – дейді Сефуллин Жолбарыс.

Бейнебаянда ұлдары бар тапқанын анасына табыстайды. Ал, Шімән апа тұңғышының ғана еркелігін көтереді екен. Бұл образға Әбунасыр Серіков бекітіліпті.

 “Ана дегенді білесіз ғой, қай баласы, қай қызы болса да жүрегі езіліп тұрады. Үйленбей жүрген сұрбойдақ болғаннан кейін еркелеуі, қашан балалы болып, қашан үрім-бұтағы болады деп, Алладан тілеп жүреді. Сондай бойдақ баласының рөлін ойнап жатырмын”, – дейді Әбунасыр Серіков.

Ал, әзілден әнге бет бұрған Ерболат, бұдан былай әншілерге бәсекелес бола алар ма екен?! Актердің клип түсірудегі басты көздегені не?!

“Бұл жерде дауысты көрсету емес. Әзіл ән деген болады, қалжың ән деген болады. Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Ұнаған адам тыңдайды, ұнамаған адам өшіріп тастайды”, – дейді Ерболат Төлегенов.

Жіберіп алмаңыз:

Мұхамедиұлы: Аш жүретін шығармашылық адамдар ғаламат туындыларды дүниеге әкеледі

Мақпал Жүнісова: Қызым әнді жақсы айтады, бірақ әнші болғысы келмейді

Хатико итімен фототүсірілім жасаған Мөлдір Әуелбекова көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Нұрболат Абдуллин: Қайрат Нұртас – шашасына шаң жұқтырмаған палуан

Талқылау