Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрболат Абдуллин: Қайрат Нұртас – шашасына шаң жұқтырмаған палуан

Көрермен көзайымына айналған “Жұлдызды жекпе-жек” жобасы өз мәресіне жетті. Халық өзі дауыс беріп, таңдау жасағанымен, Қайрат Нұртастың жеңіске жеткеніне разы емес көрермендер де табылды. Жобада қазылық еткен өнер майталмандарына неше түрліні жазып, көңілге тиіп жатқан жандар баршылық, деп жазады Stan.kz.

Бұл ретте финалға дейін жетіп, талантымен талайды тамсандырған Нұрболат Абдуллин елдің сынына қатысты пікірін білдірді. Әнші өзімен салыстырғанда Қайраттың жолының да, тәжірибесінің де үлкен екенін атап өтті.

“Иə, біткен іске сыншы көп. Бұл жоба менің тағы бір қырымнан көрінуіме үлкен мүмкіншілік жасады. Бұл жобада ағалардың “алғысын” алып, əпкелердің “айналайынын” естідім. Көрерменнің қошеметіне көлге түскендей шомылдым. Мені тыңдайтын, қолдайтын халқым барын сезіндім, ұқтым. Рахмет ағайын! “Бабыңда бол, бақ Құдайдан” – деген.
Əркімнің өз тыңдарманы мен көрермені бар. Иə, бұл жобада кейінгі 2-3 жылда келген толқынның арасында мен де бармын. 10 жыл қазақтың үлкен сахнасында тəжірибем болмағанын білем. Дегенмен əркімнің жолы əрқалай.

Осы жоба арқылы мені ел көбірек таныды. Қуаныштымын! Өнерпазға керегі де шын өнер мен оны бағалайтын сыншыл көрермені. Алланың қалауымен, сіздердің қолдауларыңызбен финалға дейін келдім. Рахмет! Əр қатысушы жеңімпаз, дарабоз.

Қайрат (Ақбатша) шашасына шаң жұқтырмаған палуан десек сөздің мəйегі осы болар. Сахнада жүрген “тарлан” ғой. Екеуіміз замандас, қатарлас болғанымызбен Қайраттың жолы өте үлкен. Ол менен 10 жыл бұрын үлкен сахнаға аяқ басып, қазіргі таңда өз өнерімен елдің сүйіктісі болған жүрегі бар əнші. Ол – Феномен!

Қайратпен бəйгеде бірге шауып, жолына ілесіп келуім маған тəжірибе, мəртебе! Əркім өз мүмкіншілігін көрсетті. Таңдау халыққа берілді. Қайрат – Чемпион!

Бұл жобада бір қазақтың өнерпаздары өнер көрсетті. Бірімізді жеп, жер қылу үшін ұйымдастырылған жоқ бұл жоба. Қазақ өнерпаздарының бірлікте, достықта екенін көрсеткісі келді десем артық айтқандығым емес. Бұл жобада суреттегідей “Достық”жеңді”, – дейді Нұрболат Абдуллин.

Еске сала кетейік, Мейрамбек Бесбаев жетекшілік еткен “Жұлдызды жекпе-жек” жобасында Қайрат Нұртас жеңіске жетті. Жеңімпазға Мальдив аралдарына 2 адамға арналған жолдама табысталды.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрболат Абдуллин: Қайрат – шашасына шаң жұқтырмаған палуан

Майғазиев: Миллионерлер шетел әншісіне 50 мың доллар беріп, қазаққа 5 мың долларын қимайды

Жұлдыз Әбдікәрімова алғашқы киножүлдеге ие болды

Плагиат әнге клип түсірген Сиви Махмуди сынға ұшырады (видео)

Талқылау