Мөлдір Әуелбекова жақын адамынан зәбір көргенін айтты
Мөлдір Әуелбекова желіде кезекті жазбасымен бөлісіп, оқырмандарының қолдауына зәру екенін айтты. Ол өзін сыртынан сөз қылатын жақын адамы туралы айтып берді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Біраздан бері іштен тынып келем. Шыдамның шегі бар шығар. Өнеріме қатысы жоқ! Сонда да, жазбаға жазып қояйын, сіздердің жылы лебіз, қолдауларыңызбен жеңілденіп қалармын мүмкін. Періште жырақты! Дегенмен, мені сыртымнан сөз қылатын адамдар ең жақын төңіректе жүргендері қыңжылтады. Бірақ, сағым сынбайды Ин ша Алла. “Таспен атқанды, аспен ат” – деп, сабырмен ғана санаспай үнсіз жүре беремін ғой. Тәрбием сондай! Алла реттейді бәрін, тек уақыт керек! Алла ұлық!» – деп жазды Мөлдір.
Желі оқырмандары аталған жазбаға түрлі пікірлерін білдіріп жатты. Көпшілік Мөлдірді сабырға шақырып, ондай олқылықтарға көз жұма қарауға кеңес берді.
“Мөлдір, қандай жағдай болмасын, сағың сынбасын. Сенің асығың алшығынан түскен сайын аяқтан шалатындар көбейе түседі. Ешқашан артқа шегінбе, даусың керемет, өнерің өрге домаласын”, “Ең бастысы денсаулық, кім не десе о десін, өзіңді және жақындарыңды ғана ойла, болды”, “Алла өзі береді жазасын, ешқандай ренжіме айналайын”, “Біреудің ойын қайтесіз, әпкетай, дегісі келгенін дей берсін, өзі бақытты адамның ешкімде жұмысы болмайды”, – деп пікір білдірді желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Жолдыбаевалар: Ашық-шашық киім – бар болғаны біздің образымыз
Авраам Руссо Жігер Ауыпбаевқа дуэт айтуға ұсыныс жасады (видео)
Евровидение жеңімпазы өзінен 8 жас кіші мұсылман жігітке тұрмысқа шықты
Елбасының Димашты қабылдап батасын берген видеосы жарияланды (видео)