Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: Үйдегі қожайыным үлкен сахнаға шығуыма рұқсат етті

Әнші Мөлдір Әуелбекова үлкен сахнаға қайта оралды. Жақында екінші мәрте тұрмыс құрған әнші сахнаға шықпайтынын айтып, тыңдармандарын толғандырып қойған еді. Енді сүйінші жаңалығын бөлісті. 

"Құлыным Салтай екеуімізге ерекше қамқорлығымен арқа сүйер болып отырған жүрегімнің Қожайыны, Алла қосқан жан-жарыма қуанышпен "Сүйіктім" атты әнімді арнадым! Ма ша Алла! Ресми жариялаймын: Отағасы шығармашылығымды қолдаумен үлкен сахнаға шығуыма рұқсат етті!", - деп жазды әнші. 

Әнші қуанышын желідегі оқырмандарымен бөлісті. Тыңдармандары ақ тілегін жазды. 

Бұған дейін есімін Айша деп өзгерткен әнші сахнадан жырақтап кеткен еді. Оның өнерден қол үзетіні арагідік айтылып жүрді. Алайда әнші ресми жаңалығын хабарлады. Жолдасына "Сүйіктім" атты ән арнады.


"Бекболат Тілеухановтың келінісіз бе?": Мөлдір Әуелбекова қайын жұртымен демалып жүр


 

Желі қолданушылары арасында әншінің образына қатысты сан-сауалдар туындады. Бірі оның орамалын сөз етті. 

"Орамалыңызды шешпейтін шығарсыз?", "Сахнада орамалмен ән айтасыз ба?", "Намаз оқып жүргендер ән айтпаушы еді ғой", "Қуанышымыз, сіз нағыз талантсыз, оны сыртқа шығару керек", "Сіз әннен алыстап кете алмайсыз, сіздей әнші сахнада жүру керек", "Бәріміз жақсы көреміз, әндеріңіз керемет", - деп жазды олар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр