Мөлдір Әуелбекова шашты әдемі қалпында сақтаудың 7 әдісімен бөлісті
Қазақстан эстрадасындағы ең сұлу әншілердің бірі Мөлдір Әуелбекова шаш күтімінің құпиясымен бөлісті. Ол шашын небәрі аптасына екі рет жуатынын айтып, тыңдармандарын таңғалдырды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұдан бөлек, әнші сусабын таңдауға келгенде аса талғампаз емес екенін, ел қатарлы дүкен сөрелерінде толып тұрған заттарды пайдаланатынын айтты.
«Шаш күтіміне байланысты менің әдістерім. Оп-оңай! Шашымды соңғы қуанышты оқиғаларға (жүктілік, емізу) байланысты аямай қидым! (аямасаң тез өседі деп қоям) Боямаймын, табиғи түсі! Фен қолданбаймын. Үйде жүріп өзі кебеді. Бірақ, тым асығыс кезде, болмаса қыстың күні далаға шығу керек болса, осындай тығырықты жағдайларда қолдануға тура келеді (өте сирек). Қымбат сусабындар қолданым деп айта алмаймын. Сол дүкен қатарларында тұрған сусабындар менің қолданысымда, тек 2 ай сайын маркасын ауыстырып тұрамын. Міндетті түрде бальзам жағамын. Бальзамды шаш түбіне емес, шаш ұштарына жақса жеткілікті. Түбіне жақсаңыз шаш тез майланады. Ал, тез майланса жиі жуу керек болады. Жиі жуғаннан шаштың табиғи элементтері шайылып тез құрғай бастайды. Сол себепті мен аптасына 2 рет жуамын. Плойка, үтік т.б. қолданар алдында, арнайы қорғайтын майлар (дүкендерде көп кез келгені), ол болмаса шашқа себетін лак қолданамын. Сонда шаш күймейді. Үйде жүргенде және ұйықтағанда, шатаспауы үшін, төбеге түйіп немесе өріп қоямын. Тарағанда арнайы спрей сеуіп ұштарынан бастап түбіне қарай (шаштың өсетін жерін түбі дейді) тараймын. Менде осылай! Сізде ше?» – деп жазады Әуелбекова.
Жіберіп алмаңыз:
Ерке Есмахан алғаш рет ата-анасын көрсетті (фото)
Баян Есентаева жүкті болудың мүмкіндігін арттыратын препарат қабылдап жүр
Димаш Қытай жұлдыздарының рейтингінде екінші апта қатарынан көш бастап тұр
Айнұр Тұрсынбаева ер адамдардың қандай әйелдерге ынтық болатынын айтты