Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова кезекті бейнебаянын сүйіктісіне арнады

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова “Бірге жанымыз” атты романтикалық туындысын сүйіктісі Арыстанға арнады.

VeQJP7vE9KQ

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аталған әнді Әуелбекова осыған дейін де бағдарламалар да орындаған-ды. Сол мезетте халықтың көңілінен шығып, тыңдармандар асыға күтті. Енді міне дайын болған туынды халыққа жол тартты.

Бейнебаян түгелдей дерлік әншінің үйлену тойындағы кадрлар мен суреттерден құралған.

Екі жастың тойы 2015 жыл желтоқанның 12 жұлдызында өтті. Нұржан Керменбаев, продюсер Ерғали Әбдірайымов, Жігіттер тобы, Жазира мен Жанболат, Ғаділбек Жанай т.б. әншілер тойға келіп, әншінің қуанышын бөліскен-ді.

Нурбек Жантлеу

Естеріңізге сала кетсек, Мөлдір Әуелбекованың өзі үшін Баян ханымнан артық продюсер жоқ екенін айтқаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау