Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзоваға жауап берді

Жуырда Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекованы ашық “айқасқа” шақырған болатын. Продюсер әншінің “бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрледі” деген сөзіне шамданып, ел алдында бірге сұхбат беруге шақырған-ды. Әуелбекова экс-продюсерінің шақыруына жауап берді.

Бұл туралы “Гәкку” арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Алагөзованың өзіне арналған жазбасын Мөлдір алғашқылардың бірі болып оқығанын айтты.

“Жазбаны бәрі жіберді. Мұндай жағдайлар талай болған. Оған әбден етім үйренген. Оған назар аудармаймын, аударып жүрген де жоқпын. Маған бұл мүлдем қызық емес”, – дейді Әуелбекова.

Әнші КешYou тобынан кеткелі бұл тақырыпты қозғамадым деп сендірді.

“Бұл тақырыпты жауып тастағаныма біраз жыл болды. Бұл мен үшін жабық кітап”, – деді ол.

Сондай-ақ, Мөлдір бірге отырып сұхбат беруге шақырған Баянға жауап берді.

“Мен не үшін сұхбат беремін? Беретін сұхбаттың бәрін сол кезде беріп қойғанбыз. Жабылған кітапты қайта ашпаймын”, – деді ол.

Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова КешYou тобында продюсерлердің талабы бойынша ашық-шашық киінгенін, тіпті сол үшін топтан кеткенін айтқан еді. Баян Алагөзова көп күттірместен Мөлдірдің шағымына жауап беріп, бар шындықты айтуға шақырды.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-ға үнді киножұлдызы Митхун Чакраборти келеді

Шоқан Маратұлы “есеппен үйленген” деп сынағандарға жауап берді

Өзі жайлы ақпараттан шаршаған Төреғали журналистерге арнап бейнебаян түсірді (видео)

Отандық жұлдыздардың Валентин күніне деген көзқарасы қандай

Талқылау