Мыңнан астам алматылық генерал Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салуға келді (видео)
Генерал Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салуға мыңнан астам алматылық жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Сурет: Айнаш Өндіріс
Рүстем Қайдаров опат болған 12 жолаушының бірі болды.
Рүстем Қайдаровпен қош айтысуға офицерлер үйінің алдына оның туыстары, қызметтестері мен таныстары, бқған қоса қала тұрғындары жиналған.
1992-1995 жылдар аралығында ол Қазақстанның ІІМ-нің тергеу жөніндегі орынбасар қызметін атқарған. Генерал тәуелсіз Қазақстанның заң жүйесіне өзіндік үлесін қосты. 1996 жылы Қайдаров зейнетке шығыпты. Сол жылдан бастап Республикалық "Генералдар кеңесінің" қоғамдық бірлестігіне жетекшілік жасапты.
Бұл кеңеске Қазақстанның бүкіл облысынан 130 генерал мүшелік етеді екен.
Сенат парламентінің спикері Дариға Назарбаева марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, генералмен таныс екендігін жеткізді.
"Қайдаров елінің нағыз патриоты және өте керемет адам еді. Генаралдың өз өмірін қызметке арнауы - осының дәлелі", - деді Дариға Назарбаева.
Бұған қоса шенеунік оны өз ісінің адал қызметкерлі ретінде есінде сақтайтынын қосты.
ІІМ беделді зейнеткері, Генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров Bek Air ұшағында қаза тапқан еді. Апаттың жағдайынан қаза тапқандардың саны 12-ге жеткен еді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
