Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік: Қазақстанда коронавирус жұқтыру өсімі тоқтатылды

Қазақстанда коронавирустың таралуы тоқтады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирус жұқпасының 99 442 жағдайы тіркелген.

"Қазақстанда КВИ жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап КВИ-мен 99 442 адам ауырды. Жазылып шыққандар саны 72 523 (72,9%)", - деді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.



Бағдат Қожахметов сонымен қатар, стационарда 4713 адам ем қабылдауда, 20 937 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатқанын айтты.

Науқастардың арасында 246 адамның денсаулығы нашар, 69 адамның денсаулығы - өте нашар деп бағаланады. Жалпы 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазір Қазақстан коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 26 орында тұр.

Талқылау