Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабай мен Көкжайлаудағы курорттық жерлердің бір бөлігі мемлекетке қайтарылады

Мәжіліс депутаттары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекет меншігіне қайтару туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Депутат Берік Оспановтың айтуынша, заң жобасының нормалары ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи, мәдени және рекреациялық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін қорғауға бағытталған.

«Еліміздің экономикалық даму қарқынының өсуі және табиғи ресурстарды пайдаланудың өсуі жағдайында бірегей табиғи ресурстарды биологиялық әртүрліліктің элементі ретінде сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр», - деді депутат.

Берік Оспанов сонымен бірге заң жобасының нормалары туристік нысандар мен құрылыстарды салу және пайдалану үшін алынған, бірақ олардың мақсатына пайдаланылмай жатқан жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтаруға мүмкіндік беретіндігін айтты.

Олардың қатарына  Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Ақмола мен Алматы облыстарындағы Іле Алатауы мемлекеттік табиғи паркі кіреді. Алдағы уақытта бұл тізім толықтырылатын болады. 


Талқылау