"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады

Қазақстан премьер-министрінің қызметін қамтамасыз етуге кететін шығын Алматы әкіміне жұмсалатын қаражаттан аз болып шықты. 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта Үкімет басшысына 4,8 миллиард теңге қарастырылса, әкімге 6,9 миллиард теңге бөлінген. Осы орайда Stan.kz президенттен бастап парламентке дейінгі бірқатар мемлекеттік органдарды қамтамасыз етуге қанша қаржы жұмсалатынын зерттеп көрді.
Президенттен парламентке дейін: мемлекеттік аппаратты ұстауға қанша қаржы бөлінді?
Қазақстанда жоғары мемлекеттік органдарды қамтамасыз етуге ондаған, тіпті жүздеген миллиард теңге жұмсалады екен.
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетке үңілсек, бір ғанаПрезидент Іс басқармасының өзіне 121,9 миллиард теңге бөлінген. Ал Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз етуге 21,7 миллиард теңге қарастырылған. Осы орайда президенттен бастап парламентке дейінгі бірқатар құрылымдарды ұстауға қанша қаржы жұмсалатынын зерттеп көрдік.
Сонымент 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта:
Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз етуге – 21 727 794 106 теңге.
Фото: Скрин
Президент Іс басқармасының мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруға – 121 930 127 009 теңге.
Фото: Скрин
Парламент қызметін қамтамасыз етуге – 31 956 848 694 теңге.
Фото: Скрин
Премьер-министрдің қызметін қамтамасыз етуге – 4 836 227 201 теңге.
Фото: Скрин
Жоғары аудиторлық палатаның қызметін қамтамасыз етуге – 5 342 187 007 теңге.
Фото: Скрин
Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз етуге – 1 179 306 109 теңге бөлінген.
Фото: Скрин
Бір ғана Президент Іс басқармасына 121,9 миллиард теңге қарастырылуы қоғамда сұрақ туғызбай қоймайды. Бұл құрылым резиденциялар, әкімшілік ғимараттар мен бірқатар инфрақұрылым нысандарына жауап береді.
Кесте: Stan.kz
Премьер-министр мен әкімдік шығыны қанша?
Қазақстан премьер-министрінің қызметін қамтамасыз етуге бөлінген қаржы Алматы әкімі аппаратына қарастырылған сомадан аз болып шықты.
Республикалық бюджетке сәйкес, Үкімет басшысының аппаратына 4,8 миллиард теңге бөлінген.
Ал Алматы қаласы әкімінің қызметін қамтамасыз етуге 6,9 миллиард теңге қарастырылған.
Екі жағдайда да сөз жеке тұлғалар жайлы емес, тұтас аппаратты ұстауға кететін шығын туралы болып отыр. Ақпаратқа сәйкес, бұл қаржы жалақы, көлік, іссапар, кеңсе, коммуналдық төлемдер және өзге де әкімшілік шығындарға жұмсалған.
Алматы, Астана және Шымкент әкімдіктері қанша қаржы алды?
Алматының 2026 жылға арналған бюджеті – 2,5 триллион теңге. Алайда қала тұрғындары төлейтін салықтың әкімдік аппаратын ұстауға көбірек жұмсалуы қоғамда сынға ұшырап отыр.
Биыл Алматы әкімін қамтамасыз етуге шамамен 6,9 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде:
- 150 миллион теңге – қызметтік көлікке (2 айға),
- 105 миллион теңге – коммуналдық қызметтерге,
- 3,5 миллиард теңге – әкімдік маңын жөндеу мен абаттандыруға бағытталады екен.
Фото: Газет “Вечерний Алматы”
Салыстыру үшін, Астана мен Шымкент әкімдерінің аппаратын ұстауға 2,5–2,8 миллиард теңге бөлінген. Алматы әкімдігі аппаратының шығыны премьер-министр аппаратына қарастырылған қаржыдан шамамен 2 миллиард теңгеге артық.
Бұған дейін Ерболат Досаев әкім болған кезеңде бұл шығын шамамен 5 миллиард теңге деңгейінде еді. Биыл тіркелген өсім алматылықтарды алаңдатып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Осы уақытқа дейін өткізілген референдумдарға қанша қаржы жұмсалғанын есептеген едік.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады