Министр жалға берілген "Жібек жолы" кемесінің қандай жағдайда кері қайтарылатынын айтты
Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанның "Жібек жолы" кемесін жалға алған компаниямен қандай жағдайда келісімшартты бұзатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Егер кеме құқықтық нормаға сай келмейтін тасымалдаумен шұғылданса, бұл келісім бұзылады және кеме кері қайтарылады", – деді Өскенбаев.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қазақстандық "Жібек жолы" кемесімен Украинадан астық экспортталып жатқанына қатысты пікір білдірді. 30 маусымда бірқатар басылымда қазақстандық "Жібек жолы" кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталатыны туралы ақпарат жарияланды.
“KTZ Express" АҚ 2021 жылғы 26 қазанда "KTZ Express Shipping" ЖШС ресейлік Green Line LLC компаниясымен бербоут-чартер шартын жасасқанын түсіндірді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”