Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина Түркиядан астық тиелген "Жібек жолы" кемесін тоқтатып, ұстауды сұрады

Украина Түркияда астықпен жүзіп келе жатқан ресейлік "Жібек жолы" кемесін ұстап, тоқтатуын сұрады, деп хабарлайды Reuters-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Украина Түркиядан Ресей жаулап алған Бердянск портынан украиналық астықты тасымалдаған Ресей туын жамылған "Жібек жолы" жүк кемесін ұстап, қамауға алуды сұрады", –  делінген мәлімдемеде.

Украина Сыртқы істер министрлігінің өкілі елдің теңіз әкімшілігінен 7146 тонна массасы бар "Жібек жолы" кемесі Бердянсктен шамамен 4500 тонна астықтың бірінші партиясын тиегенін айтты. Шенеуніктің айтуынша, бұл Украинаға тиесілі болған.

Сондай-ақ, бұған дейін Украинаның бас прокуратурасы Түркия билігіне "Жібек Жолы" компаниясының "украин астығын заңсыз әкетуге" қатысы бар деген хабармен жүгінгені атап өтілген.

Украина ақпан айының аяғында Ресей әскері басып кіргеннен бастап сол аумақтардан астықты ұрлады деп айыптады. Кремль бұған дейін Ресейдің украиндық астықты ұрлағанын жоққа шығарған.

Еске салайық, бұған дейін "Жібек жолы" кемесі Украина портын басып алған соң, 7 мың тонна астықты заңсыз экспорттағаны белгілі болған. Алайда кейінірек "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мәлімдемесінде, Бердянск қаласынан Түркияға "Жібек жолы" кемесімен астық тасымалдау Украинаның тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

 

Талқылау