Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Шарлапаев тағы бір қызметке тағайындалды

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев заңды тұлғалар бірлестігі Qazaqstan rugby президенті болып сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Индустрия және құрылыс министрлігі

Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дерегінше, енді федерация балалар мен жасөспірімдер регбиін дамыту, әйелдер командаларын қолдау, спортты насихаттау және инфрақұрылым салу жоспарларын қолға алмақ.

Айта кетейік, Қазақстанның әйелдер регби құрамасы әлемдік рейтингте 19-орында тұр. Халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетіп жүр.

Ал ерлер және жастар командалары белсенді дамып келе жатыр.

 



Еске салайық, бұған дейін қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті болып тағайындалғанын жаздық. Кезектен тыс отырыс кезінде министр Руслан Жақсылықовтың дзюдодан кеңес одағының спорт шебері, республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері екені айтылды.

Талқылау