Министр Мағзұм Мырзағалиев отбасымен азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтынын айтты
Энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев отбасымен азық-түлікке бір айда қанша ақша жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сенат отырысында министрден отбасының азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын сұрады.
"Неге бұл мәселе журналистерді сонша қызықтыратынын түсінбеймін. Біз де қарапайым адамдар сияқты өмір сүреміз. Басқа отбасылармен бірдей ақша жұмсаймыз деп ойлаймын. Әрине, бір айға 50 мың теңгеге азық-түлік алмаймыз. Біздің отбасы айына 200 мың теңгедей ақша жұмсайды", – деп жауап берді Мағзұм Мирзағалиев.
Министр өзі де дүкенге баратынын, азық-түлік бағасының қымбаттағанын байқағанын айтты.
Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиев 7 қарашада 43 жасқа толды. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, оның бес баласы бар.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан