Министр коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның бағасы қанша болатынын айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық вакцинаның бағасы шамамен қанша болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біз қазақстандық вакцинадан да үміт күтеміз. Қазақстандық вакциналар клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өткен. Енді клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Оны сынап көргісі келетін еріктілер де жиналып қойды. Сынақтың 1, 2-сатысы қараша, желтоқсан айына қарай аяқталып, нәтижесін көреміз. Сол кезде ол вакцинаның қаншалықты тиімді, қауіпсіз екенін білеміз", - деді шенеунік.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі қазақстандық вакцинаны дайындайтын зауыттың құрылысы басталғанын атап өтті.
"Бұл зауыттың қазақстандықтардың қажеттіліктерін өтеуге күші жетеді. Өз вакцинамыз сынақтың барлық сатысынан өткен жағдайда осы зауыттан шығарылатын болады. Клиникалық сынақтан өткенге дейін вакцинаның бағасы қанша болатыны нақты белгілі емес, бірақ 2-3 доллар көлемінде болады деп ойлаймыз", - деп қосты Цой.
Бұған дейін Алексей Цой не үшін отандық екпені салдырмағанын айтқан еді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
