Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны не үшін салдырмағанын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны неліктен өзі әлі салғызбағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратынан қазақстандық вакцинаны ешкім қабылдамаған. Әзірге сынақ нәтижесін күтіп отырмыз. Нәтижесі шыққаннан кейін сіздерге хабардар етеміз, егуді ұсынамыз немесе өзімізге де еілеміз. Тиімділігі мен қауіпсіздігі әлі анықталмағандықтан оны өзіме салдырмадым. Оны қабылдап көруге дайын еріктілер бар. Әріптестеріміздің айтуынша, оны қабылдап көргендердің жағдайлары жақсы", - деді министр. 

Еске салайық, бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетовтың коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны туралы айтылған еді. 

Талқылау