Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Қазақстан тәулігіне 20 млн маска өндіретін болады

Қазақстанда 2021 жылға қарай медициналық маскалар өндірісі көлемі екі есеге артып, күніне екі миллион данаға жетеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отырысы барысында министр маска мәселесін реттеу үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ол халықтың сұранысына қарай, өндірістің де артатынын айтты.

"2021 жылдың бірінші тоқсанына дейін бір реттік маскаларға арналған отандық кәсіпорындардың өндірістік қуатының артуы екі рет - тәулігіне бір миллионнан екі миллион данаға дейін, қорғаныш костюмдері үшін - екі рет - айына 500 мыңнан бір миллион данаға дейін өседі. Ағымдағы жылдың соңына дейін қажеттіліктер толығымен қамтамасыз етіледі. Қолғап өндірісі күніне 330-дан 530 мыңға дейін өседі", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Министр дәрі-дәрмек экспортын 58-ден 174 миллион долларға дейін үш есеге арттыру туралы айтты.

"Жоғарыда аталған барлық шараларды жүзеге асыру маңызды дәрілік заттарға арналған Қазақстанның ішкі нарығында отандық өндірушілердің өнімдерінің үлесін қазіргі 39-дан 50 пайызға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді, бұл ДДҰ ұсыныстарына сәйкес келеді", - деді министр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой бүгінгі күні фармацевтика нарығының құрылымы туралы айтқан болатын. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 06 Қазан, 2020 10:10
Талқылау