Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Интернет қолданушылары өз әрекетіне жауап берулері керек

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев интернет қолданушылары өз әрекетіне жауап беруі керек деген пікірді алға тартып отыр.

Сурет: primeminister.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Тағы бір өзекті мәселе – интернет-ресурстарда қолданушылардың анонимді пікір жазуына тыйым салу. Яғни, қолданушылардың тіркелуін міндеттеу көзделіп отыр. Қандай да бір пікір жазу үшін адам, ең алдымен, тіркелуі керек. Кейбір ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдар жасырын пікір қалдыра алмау, еркін ой айтуға нүкте қояды деп санайды. Бірақ біздің ойымызша,  пікір білдіруге бұл ешқандай кедергі жасамайды, қайта қолданушының ішкі тәртібін күшейтеді,, – деді Дәурен Абаев.

Министр дәл осылай қазақстандық азаматтардың мүддесін қорғауға болатынын айтып жатыр.

“Қазір қарап отырсақ, ұлтаралық, дінаралық жанжалға шақыру, жала жабу, жеке басқа тиісу, алаяқтық жасау оқиғалары көбейіп кетті. Соның салдарынан қарапайым азаматтар зардап шегуде. Сондай бір пікірдің кесірінен бірін-бірін танымайтын адамдар жанжалдасып жатса не болады? Сол себепті де біз интернет қолданушылары өз әрекетіне жауап беруі керек деп ойлаймыз. Бұл талап бірте-бірте әр адамның ішкі фильтріне айналуы қажет. Оның үстіне қазір мұны жасау техникалық тұрғыдан еш қиын емес. Сайттар оны оп-оңай жасай алады”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық көшеде түкіргені үшін 16 мың теңге айыппұл төледі

Шымкентте полиция қызметкері қыздың ішінен ұрып тастады (видео)

ОҚО-да оқушы латыншада қазақ әріптерін тани алатын 3D-оқулық құрастырып шықты

Синоптиктер: елімізде енді күн жылынбайды

Талқылау