Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Бағдат Мусин аурухана қызметкерлерін қағазбастылықтан босататынын айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин енді аурухана қызметкерлерінің кадрлық қызметтеріне қажет болған жағдайда керекті анықтамаларды дерекқордан сұратуға мүмкіндік болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мусин

Министр аурухана қызметкерлері жылына бір рет сотталмағандығы, сыбайлас жемқорлық фактілерінің жоқтығы туралы және басқа да анықтамаларды әкелуге мәжбүр болатынын айтты. Сөзінше, бұл іс жүзінде мемлекет басшысының бюрократияны жою, артық қағазбастылыққа жол бермеу туралы тапсырмасын бұзады.

“Бұл анықтамаларды бірыңғай деректер базасынан алуға болады. Осы тұста дереу цифрландыруға жауапты денсаулық сақтау вице-министрімен байланысып, облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармаларына бұл талаптардың күшін жоюды сұраймын. Ал олардың кадрлық қызметтеріне, қажет болған жағдайда қызметкерлердің келісімі бойынша осы анықтамаларды дерекқордан сұратуға мүмкіндік беруді тапсырдым”, – деді министр. 

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 25 Қаңтар, 2023 14:06
Талқылау