Қазақстан медициналық сақтандыру жүйесінен бас тарта ма
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздің медициналық сақтандыру жүйесінен бас тартуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді. Министр мұны кері қадам деп есептейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Медициналық сақтандыру жүйесінен бас тартуды кері қадам деп есептеймін. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуімен денсаулық сақтау бюджетіне өткен жылы қосымша 0,5 триллион теңге, биыл 800 миллиард теңгеден астам қаржы түсті", - деді Ажар Ғиният.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл салаға құйылған үлкен инвестиция екенін атап өтті.
"Бұл қосымша жаңа технологияларға, барлық қызмет түрлерін кеңейтуге, жабдық сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл денсаулық сақтау саласына инвестиция құю мен халықтың әл-ауқатын, денсаулығының артуы. Бұдан қалай бас тарта аламыз? Сондықтан біздің міндетіміз МӘМС жүйесін жетілдіру", - деп қосты Ажар Гиният.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді