Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мың теңгеге қызықтым": Алматыда бір аяғынан айырылған әйел такси жүргізіп, отбасын асырап отыр

Алматыда бір аяғынан айырылған әйел такси жүргізіп, отбасын асырып отыр. Күнкөрістің қамымен протезге қарамай тіршілік етіп жүрген Хатира Сайдахметова үш жылдан бері қаражатты осы кәсіп арқылы тауып жүр. Бұл күнделікті тұрақты жұмысына айналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.

Azattyq Rýhy

50 жастағы Хатира Сайдахметова 1996 жылы Өзбекстанда кәсіппен айналысып жүріп пойыздың астына құлап кетіп, бір аяғынан айырылған. Содан бері протезбен жүреді. Алайда өмірін күрт өзгерткен сынаққа сынбаған. Қазақстанға 2006 жылы отбасымен көшіп келген Хатира, алғашында тігін машинасымен жұмыс істеген. 

"Швея-моторист болып істегенмін. Істеп жүргенде айлығымды бір беріп, бір бермей созды. Ақша керек, азық-түлік алу керек", - такси жүргізушісі Хатира Сайдахметова.

Содан кейін тауық пісіріп сатуға кірісіпті. Таң атпай керек-жарақты базардан алып, жалға алған орнына апарып сату нағыз қиын кезеңдердің бірі деп еске алады. Ол уақытта өзінің көлігі болса да ақша тек күніне қанша тауықтың сатылуымен ғана есептеліп жүріпті.

"Бірде жол-жөнекей жеткізген жолаушы жігіттің әңгімесі ойымды мүлде басқа арнаға бұрды" дейді.

"Тіркелсеңіз, мың теңге береді деді. Жаңағы мың теңгесіне қызығып, мың теңгені алып аламын деп ойладым. Содан кейін "бер, бер телефонын, регистрация жасап мың теңгені алайын" десем ала алмаймын. Жүруің керек сенің дейді", - деп есіне алады ол.

Осыдан кейін мың теңге табуды мақсат еткен Хатира көлігімен әр сенбі, жексенбі сайын халыққа қызмет көрсетуге шыққан.

Қаражаттан қысылмай, жайлы өмірі басталған ол ақыры осы кәсіпке толық бет бұрыпты. Алайда өзінің көлігі жүруге жарамай қалғандықтан, көлікті жалға алған. Бірақ қалтасына түсетін ақша да біршама кеміген.


"500 мыңнан 1 миллионға дейін табатындар бар": Еліміздегі такси жүргізушілерінің айлығы қанша? 


"Көлікті жалға аламын, жанармайын төлеймін. Сонымен өзіме екі жарым, үш мың кейде праздник күндері 5000 ға дейін қалады", - дейді ол.

Хатира қала маңайындағы ауылдардың бірінде тұрады. Үйінде анасы мен кішкентай қызының асыраушысы. Қызы мектепке кеткенде, анасын қарайды. Ал түске қарай көлігіне мініп күнделікті жұмысына аттанады. Аяққа түсетін ауырлық болмағандықтан, мұндай жұмыс аса қиын емес дейді.

"Менің жағдайыма байланысты бұл жұмыс мен үшін ауыр емес. Себебі, физикалық жұмыс жоқ", - дейді Хатира.

Жолаушыларды тасымалдау кезінде Хатира түрлі адаммен жолығып, тілдеседі. Олардың арасында әртүрлі мінездегілері де бар дейді. Алайда нәзік жанды рөлден көрген кезде олардың сәл де болса мейірімділік танытатынын жеткізді.

Бұдан бөлек пандемия кезінде такси жүргізіп табыс табуға кіріскен әйелдердің саны да артқанын айтады. Тағдыр тауқыметі қанша қиындыққа салса да, мойымаған келіншек, қазір бұл кәсіпті толықтай игеріп алған. Денсаулық сыр бермесе, бұл жұмысымды жалғастыра беремін дейді.

Талқылау