Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллионердің қызы «кедейлердің өміріне» таңданып, телекөрермендерді ашуландырды

22 жастағы студент Сепи Самаи таңғы ток-шоу эфирінде өзінің сән-салтанатқа толы өмірі жайлы әңгімелеп, «кедейлердің өмірі» жайлы шындықты білгенде таңданып қалғанын жасырмады. Аталған жайт телешоу көрермендерін ашуландырды.

Миллионердің қызы «кедейлердің өміріне» таңданып, телекөрермендерді ашуландырды

Бұл туралы Daily Mirror басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шоу сюжеті бойынша, «алтын жастар» қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Нақтырақ айтқанда, «кедейлермен» уақытша орын ауысады. Өздігінен ақша табуға тырысып, метромен жүреді және т.б.

Лондон тұрғыны Самаи ақша үнемдеудің не екенін түсінбейтінін айтты. Сондай-ақ, қымбат автокөлігі мен шотындағы миллиондары туралы сөз етті.

Миллионердің қызы «кедейлердің өміріне» таңданып, телекөрермендерді ашуландырды

Ашуланған көрермендер байдың қызына тап берді. Олар бойжеткенді өзімшілдік танытып, қарапайым халықты менсінбей сөйлегені үшін сыбап алды. Сондай-ақ, олар таңғы бағдарлама жүргізушілерін де сынады.

Енді кейбірі, бай болғанына кінәлі емес деп Самаиды ақтап алуға тырысып жатты. Олардың пікірінше, қыз шоудағы кедейлік сынағынан жақсы өткен. Дегенмен көпшілік:

“Өмірінің аз ғана бөлігін кедейлердің ортасында өткізген байдың қызын мақтан тұтуымыз керек пе? Кедейлік – сіздерге қалжыңдайтын нәрсе емес”, – деп пікір білдірді.

Тағы оқыңыз: 

Ұлдар мен қыздарды бөлек оқытуға арналған екі жылдық тәжірибе таңқаларлық нәтиже берді

Рамзан Қадыров: Құдай бізге 4 әйелге дейін алуға рұқсат берген

15 жастағы қыз бір топ баскесерлерден қашып, бетон артына тығылған (видео)

Телефонын ваннаға түсіріп алған 13 жасар қыз қайтыс болды

Талқылау