Миллионер Құдайбергеновтің қызына жазған хаты жұрттың көзіне жас келтірді
Танымал кәсіпкер, меценат әрі блогер Қайрат Құдайберген жастар арасында кеңінен танымал. Кәсіпкерді үлгі тұтып, оған еліктейтін қыз-жігіттер көп.
Суреттер Қайрат Құдайбергеновтің жеке парақшасынан алынды
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қарапайым қазақ ауылынан шыққан Қайрат кәсіпкер ретінде ғана емес, әлеуметтік желіде белсенді блогер ретінде де оқырмандарға жақсы таныс. Ол қоғамда болып жатқан оқиғалар туралы ойымен бөлісіп тұрады. Сондай-ақ, отбасын көрсетуді де ұмытпайды.
Күні кеше Қайрат Құдайбергенов қызына арнап хат жазып, желідегі оқырмандарының жүрегін елжіретті.
“Ол 20 жасқа келгенде сұлу әрі жас, ал арманы асқақ әрі болашаққа зор үмітпен қарайтын болады. Ол бүкіл әлем менің табанымның астында деп ойлайтын болады. Бәлкім ол уақытта сүйген жігіті болатын шығар. Одан қызғанбауға тырысамын (Құдай-ау, ол неткен қиын еді). Мен оның досы боламын. Ол маған сенім артып, екеуміз кез келген тақырыпта әңгімелесе аламыз деп үміттенемін… енді барлық дерлік тақырыпта (әрине, өзім де онымен талқылағым келмейтін тақырыптар бар, бірақ ол туралы кейінірек). Мен әкемін, сондықтан қызыммен оның жеңістері мен жетістіктерін бөліскім келеді. Бірақ көбінесе еңсесі түсіп, мұңайған сәттерінде жанында болсам деймін…
Арада 10 жыл өткен соң мен қызым салып берген мына картинаға қарап отырамын. Бәлкім қызым оны есіне де алмайтын шығар, мүмкін ол үшін бұл түкке тұрғысыз дүние болатын шығар, бірақ мен үшін ол Да Винчидің Мона Лизасынан да артық болмақ. Себебі қызым оны маған деген махаббатпен, шын ниетімен тырысып салды, мен үшін салды… Бұл – құнсыз.
Тағы да 10, 20, 50 жыл өтер, мына өмір мүлдем өзгерер… дәл осы себепті ханшайымым, сенің мейлінше кішкентай болып қала бергеніңді қалаймын… Әркез солай болып қала бермек те…
Ханшайымым, ақырғы демім таусылғанша, сенімен бірге болатынымды біл…” – деп жазды Қайрат Құдайбергенов.
Жіберіп алмаңыз:
Семейде екі ай бұрын жоғалып кеткен 13 жастағы қыз Астанадан табылды
Дін істері министрі: Шетелде алған діни білім елімізде қызмет етуге жарамайды
Америкалық мұсылмандар бір апта ішінде джинсы хиджабтарды талап алып кетті
Ұят: Қазақстандықтар билет сату қызметінің жарнамасына наразылығын білдірді