Миллионер Қайрат Құдайберген аязды күні жақсылық жасаймын деп опық жеп қалды
Қазақстандық миллионер Құдайберген Қайрат өткен түнде суықта қалған жолаушыларды жеткізіп салып, телефонынан айрылып қалды. Бұл туралы өзінің Инстаграм парақшасына жазған миллионер телефонға материалдық зат ретінде қайрайтынын, бірақ ішіндегі отбасылық суреттері мен видео-естеліктері қымбат екенін айтып отыр.
Бұл туралы Stan.kz жазады.
Минус 25 градуста такси ұстап тұрған екі жігітке жаны ашып, көлігіне мінгізіп алады. Екі жолаушыны айтқан жерлеріне дейін жеткізіп салып, тіпті жолақысына бір тиын да алмаған. Есесіне екі жігіт миллионердің ұялы телефонын ұрлап кеткен.
«Көліктен шығарда алғыстарын айтып, мәз болып шығып кеткен. Олар кеткен соң ұялы телефонымды іздей бастадым, таба алмадым. Мүмкін түсіріп алған болармын деп бүкіл машинаны іздеп шықтым. Телефон артқы орында болған еді. Екі жігіттің өздерімен бірге алып кеткендерін сол кезде түсіндім»,- дейді миллионер.
Жолаушыларды көрген білген алдамдаға хабарласуларын сұранған ол, анонимділікті сақтайтынын айтты. Хабар берген адамға сыйақы беруге уәде етті. Араға біраз уақыт салып миллионер парақшасында ұрыны тапқанын жария етті. Телефонды қолды қылған жігіт жол-жөнекей ұйықтап кетіп, көліктен түсер сәтте телефонды байқамай өзімен алып кеткенін айтқан. Бірақ бұған Қайрат Құдайбергеннің өзі сенбейді.
Айтуынша, ол телефонына 25 рет қоңырау шалған, алайда жауап ала алмаған. Оның үстіне, миллионер қалта телефонның дыбыссыз режімде тұрмағанына сенімді. Сондай-ақ, телефонды байқамай алып кеттім деген әккі ұрының SIM-картаны лақтырып, ізін жасыруға тырысқаны анықталды.