Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиондап табыс табамыз деген Hamster Kombat ойыншылары 10 мың теңге ғана алмақ

Bybit криптовалюта биржасында Hamster Kombat криптовалютасының бағамы небәрі 0,01 долларды құрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Медуза басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Hamster Kombat

Басылым Hamster Kombat ойыншыларының алған токендердің санын ескере отырып, ойыннан көп ақша табу әлі мүмкін емес екенін айтады. Ойында тапқан виртуалды ақшалар тікелей криптовалютаға айналдырылмайтындығына байланысты, тіпті ең белсенді қатысушылардың өзі шамамен 10 мың теңге ғана ала алады.

22 қыркүйек кұні Bybit криптовалюта биржасында Hamster Kombat криптовалютасының бағамы белгілі болды. Алдын ала нарықта ойында тапқан криптовалютаға тікелей қатысы жоқ HMSTR токені бар болғаны 0,01 долларға бағаланды, бұл ойыншылардың күткенінен төмен болды. 26 қыркүйекке жоспарланған ресми листинг кезінде баға әлі де өзгеруі мүмкін.

Код Дурова басылымының мәліметінше, орташа есеппен әрбір Hamster Kombat ойыншысы 500-ден 2000 токеннен алғанын анықтады. 

Виртуалды “атжалманды” басу арқылы алты ай бойы ойнаған белсенді қатысушы доллардың ағымдағы бағамы бойынша шамамен 10-15 мың теңге ала алады. Бірақ бұл соманы да ойыншылар толығымен ала алмайды, себебі ережелерге сәйкес, бірінші кезеңде ойыншылар тапқан токендерінің 88,75% ғана ала алады. 

Қазір криптовалюта қорларын толықтыру мүмкін емес, өйткені 20 қыркүйекте ойынның негізін қалаушылар биржада листингтен бұрын нәтижелерді қорытындылау үшін Hamster Kombat бірінші маусымын аяқтады. Енді пайдаланушылар бірнеше аптаға созылатын аралық эпизодқа қол жеткізе алады. Кейінірек әзірлеушілер жобаның толық екінші маусымын бастауға уәде берді.

Hamster Kombat ойыны 2024 жылдың 26 ​​наурызында іске қосылды. Тікелей Telegram желісінде шағын қолданба ретінде болды. Ойыншы виртуалды атжалманды басу арқылы виртуалды ақша алады. Ойындағы теңгерімді күнделікті тапсырмаларды орындау, сондай-ақ арнайы карталарды пайдалану арқылы толтыруға болады. 

Сонымен қатар, виртуалды монеталардың өзі тек ойын ішіндегі сатып алулар (мысалы, ойынды жылдамдататын күшейткіштер) үшін қажет. Олар криптовалюта емес және токендерге тікелей айырбасталмайды.

Ойынның негізін қалаушылардың айтуынша, алты айда Hamster Kombat ойынына 300 миллионнан астам пайдаланушы қосылған. Ойыншылардың жартысынан көбі токендерді ала алмаған (бұл процесс "airdrop" деп аталады), өйткені олар барлық қажетті шарттарды орындамап үлгермеген. Сондайа-ақ ойынды әзірлеушілер 2,3 миллион пайдаланушының бұғатталғанын атап өтті, өйткені олар алаяқ деп саналған.

Нәтижесінде 131 миллион пайдаланушы ғана токендерді алу мүмкіндігіне ие болды. 

Маусым айында Telegram ресми арнасында ойынды әзірлеушілер жинақталған монеталардың балансы токендерді таратуға әсер етпейтінін атап өткен еді. Кейінірек олар токендерді тарату кезінде орындалған тапсырмалар, сондай-ақ пайдаланушының өзінің бірегей сілтемесі арқылы ойынға әкелген басқа ойыншылардың саны ескерілетінін хабарлады. 

Hamster Kombat ойыны іске қосылғаннан кейінгі алғашқы айларда ойын авторының  кім екені белгісіз болды. Маусым айында The Bell басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, жобаға CarPrice және CarMoney компанияларының негізін қалаушы Эдуард Гуриновичтің қатысы бар екенін мәлімдеді. Ал кәсіпкердің өзі бұл ақпаратты растаған жоқ.

Алайда, шілде айында Гуринович Ресейде Hamster Kombat сауда белгісінің құқығын сатып алғанын хабарлады. Ол өз командасының жергілікті ойын қауымдастығымен жұмыс істейтінін және аймақта жарнаманы да басқаратынын атап өтті. Гуриновичтің айтуынша, брендті тіркеуге рұқсатты оған Hamster Kombat компаниясының берген.

Қыркүйек айының басында "Ведомости" басылымында Эдуард Гуринович пен оның 60,3% үлесі бар Arenum компаниясының инвесторлары арасындағы келіспеушіліктер бер екені туралы ақпраат жарияланды. Басылымның мәліметінше, 2024 жылдың жазында кем дегенде үш ортақ иесі кәсіпкерге оның Hamster Kombat-пен байланысы туралы ашық айтуды сұраған. Олардың арасында Arenum компаниясының 18,9% акциясына иелік ететін Adru компаниясының өкілдері болған.

Adru компаниясының негізін қалаушы Антон Горшков журналистерге оның компаниясы Hamster Kombat ойынына 600 мың доллар инвестиция салып, 18,6% үлес алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ойын Arenum кеңсесінде жасалған және әзірлеушілер компанияның басқа да осыған ұқсас жобаларында қолданылған технологияларды пайдаланған.

Гуриновичтің өзі әртүрлі инвесторларға бір-біріне қарама-қайшы ақпараттар беріп, Hamster Kombat ойынынан түскен пайданы бөліскісі келмеген. Ол кейбіреулерге ойынға еш қатысы жоқ екенін айтса, басқаларына жобаның Arenum компаниясының қаражатын тартпай жасалғанын айтқан. "Ведомости" басылымы соңында Гуриновичтің серіктестерімен инвестицияны қайтару туралы келісімге келгенін атап өтті.

Ал ойын айдаланушылары токендердің таратылуына наразылық білдірді. Сонымен қатар криптовалюта бағасының өсуі де күмәнді екені туралы ақпарат тарады. 

Егер басқа криптовалюталардың листингіне назар аударатын болсақ, онда HMSTR криптовалютасы биржаға кіргеннен кейін 1,5-2 есе өсуі мүмкін. Дегенмен, сарапшылар әлі де бағаның төмендеуі мүмкін деп есептейді, өйткені пайдаланушылардың көпшілігі өз токендерін тез сатуға тырысады.

"Менің ойымша, бірдеңені білетін инсайдерлер ғана бұдан ақша таба алады, ал сырттан бақылап отырған қалың жұртшылық ештеңе таба алмайды. Мен бұған өте теріс көзқараспен қараймын, мүлде ойнамаған дұрыс", – дейді қаржыгер Александр Разуваев.

Пайдаланушылар криптовалюта бағамына да, airdrop нәтижелеріне де наразылық білдірген. 4,5 миллионға жуық жазылушысы бар "TON беріңіз!" телеграм-каналының авторы бар болғаны 15 доллар алғанын айтты.

"Кез келген жұмыс бұдан әлдеқайда тиімді болар еді", – деді ол.

Ойынның бұдан кейінгі болашағы листинг жасалған кезде ғана белгілі болады. 

Талқылау