Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиардтаған ақша, әуе кемелері мен автокөліктер: OlimpKZ букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді

Алматы соты OlimpKZ букмекерлік кеңсесіне тиесілі 3,6 миллиард теңгені, әуе кемелері мен автокөліктерді тәркілеуге қаулы етті, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Алмалы аудандық соты мүлікті тәркілеу туралы прокурордың өтінішін 16 ақпанда қанағаттандырды.

Бұған дейін "OlimpKZ букмекерлік кеңсесі" ЖШС басшыларына халықаралық іздеу жарияланған, оларға қатысты үкім әлі шыққан жоқ.

Басшыларға букмекерлік қызметтің атын жамылып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды, қаражатты елден шығарды және салық төлеуден жалтарды деген айып тағылды.

Нәтижесінде сот мемлекет кірісіне 3,6 миллиард теңге, төрт әуе кемесі мен үш автомашина аударды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 17 Ақпан, 2021 11:23
Талқылау