Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Михаил Саакашвили ҚМО атынан жасалған ұсынысқа жауап берді

Украиналық саясаткен  Михаил Саакашвили  қазақстандық белсенділер атынан жасалған ұсынысқа facebook парақшасында жауап жазған.

g22195456_08c70c45b9ed85b19ea54832cbe1fd77

«Қазақ бауырларыма рахмет, отандық жемқорларға мұндай ләззат сыйлағым келмейді, қазірге  Украинадан ешқайда кетуді жоспарлап отырған жоқпын»,-деген өз жауабында Михаил Саакашвили.

Қазақстан мұсылмандар одағы Одесса облысының губернаторы  Михаил Саакашвилиге Украинадан көшіп келіп Қазақстанның бір қаласына әкім болуды ұсынған.

Осындай ұсыныс жазылған хат украиналық саясаткерге Қазақстан мұсылмандар одағының атынан және  Орталық Азиядағы  адам құқықтары жөніндегі  мұсылмандар комитетінің атынан  жолданған еді.

«Сіздің ештеңеден тайсалмай жемқорлықпен күресуіңіз бізді таң қалдырды. Осы тәжірибеңізді біздің ел аумағында қолдансаңыз»,-деп жазылған ҚМО жазған хатта.

Хат авторлары өз ұсынысында Қазақстан билігінің жмқорлықпен күресу жолдарын да жазып өткен. Сондай-ақ, украиналық саясаткердің  күресу әдісі тек Қазақстанға ғана еме бұрынғы  Кеңес үкіметінің құрамында болған барлық мемлекетке қажеттігін атап айтқан.

Қазақстан мұсылмандары одағы егерде Михаил Саакашвили ұсынысты қабыл алатын болса оған қоғадық, мемлекеттік бірлестіктерден қолдау, көмек боларын да жазған еді.

 

 

Талқылау