Мигранттар дайындау үшін: Путин Орталық Азия елдерінде орыс мектептерін дамыту керегін айтты
Ресей президенті Владимир Путин Орталық Азия елдерінде орыс мектептерін дамыту керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Interfax.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фотo: Getty Images
Путиннің айтуынша, бұл Ресейге келетін еңбек мигранттарын алдын ала дайындауға мүмкіндік береді.
"Құрылыс саласында, өнеркәсіпте жұмысшылар жеткіліксіз. Бос жұмыс орындарының саны жүздеген мыңға жетеді. Шешім қандай? Еңбек мигранттарының санын азайту үшін еңбек өнімділігін арттырып, жаңа технологияларды қолдану қажет. Біз Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімізбен жұмыс істеп, оларды осыған дайындауымыз керек. Ол жерлерде орыс мектептерінің желісін дамыту қажет. Ресейдің ішінде жүрген шетелдіктерге қойылатын талаптарды күшейту қажет. Оларды орыс мәдениетімен және Ресей заңдарымен таныстыру керек”, – деді Владимир Путин.
- Ресейде орыс тілін білмейтін мигранттардың балаларына мектептерде оқуға тыйым салынбақ
-
Қызылорда, Тараз және Түркістанда жаңа орыс мектептері салынады деп сенеміз – Путин
Путин орыс тілін білмейтін мигранттардың балаларына Ресей мектептерінде оқуға тыйым салатын заңды да қолдайтынын айтты.
"Мұндай баланы қалай оқытасың? Ақысын кім төлейді? Біз адамдар кемсітілмейтіндей, сонымен қатар жергілікті халыққа ауыртпалық түспейтіндей жағдай жасауымыз керек”, – деді Ресей президенті.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінде орыс мектептері ашылатыны туралы жазған едік.