Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев өнердегі досы Досымжан Таңатаровқа ерекше сыйлық жасады

Фото: Жеке парақшадан алынды

Белгілі әнші Досымжан Таңатаровтың 50 жас мерейтойына өнердегі досы Мейрамбек Беспаев ерекше сыйлық берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі досына арнап арнайы домбыра жасатқан. Ал әншінің жерлестері тұлпар мінгізді.

"Құтты болсын! Сен бір рудың емес, Алаштың аяулы азаматына айналдың! Досым, мен соған қуанамын. Осы елдің саған деген махаббаты мәңгілік болсын! Сенімен мақтанайық, қуанайық", –  деп тілек айтты.


  • "36 жылдан кейін қайта жарыққа шықты": Мейрамбек Бесбаев жақсы жаңалығын айтты

  • "Бес үйір жылқының бағасымен бірдей: Мейрамбек Бесбаев атақты Романенко жасаған домбыраны сыйға алды


Айта кетейік, Досымжан Таңатаровтың кешінде халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа екі бөлмелі пәтер сыйға берілген еді.

“Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә", – деп жазған еді журналист Айнұр Омар.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 14 Мамыр, 2025 10:57
Талқылау