Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев: Керемет әкемін деп айта алмаймын

Мейрамбек Бесбаев балаларымен бірге көп уақыт өткізе алмайтындықтан, өзіне керемет әке санай алмайды екен.

Сурет: Мейрамбек Беспаевтың жеке парақшасынан

Бұл туралы әнші «Хабар» арнасына берген сұхбатында айтып берді.

Әншінің айтуынша, балаларының тәрбиесімен көбіне ата-анасы және жұбайы айналысады екен.

«Өзімді керемет әкемін деп санамаймын. Көбіне балалардың тәрбиесімен Мархабат, әке-шешем айналысады. Сондықтан өзімді керемет әкемін деп айта алмаймын. Балаларымның жанында жиі бола бермеймін», – дейді әнші.

Әншінің анасы Жібек Жолдастың айтуынша, олар баласын көбіне әлеуметтік желі мен теледидардан көріп отырады екен.

«Күнде кездесе бермейміз. Тек жиын-тойлар болмаса. Интернеттен қарап отырамыз. «Міне, бүгін үйге келіпті ғой», – деп отырамыз. Сағынып тұрамыз», – дейді әншінің анасы.

Айта кетсек, бүгінде Мейрамбек Бесбаев бір қыз, бір ұлды тәрбиелеп отыр.

Оқи отырыңыз:

Өз концертіне келген қарияны қуып шыққан Төреғали Төреәлі елді шулатқан видеоға қатысты жауап берді

Сәкен Майғазиев дінге қалай бет бұрғанын айтып берді

Асхат Тарғын өзін сынап, той әншісі,талғамсыз деген Тоқтар Серіковті ұялтып тастады (фото,видео)

Назарбаев Данелия Төлешованың өнеріне тәнті болды

Талқылау