Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаевтың жары әншінің туған күніне ерекше тосынсый жасады (фото)

Бүгін ән әлемінің патшасы атанып кеткен Мейрамбек Бесбаев 41 жасқа толды. Әншіні әріптестері мен дос-жарандары инстаграм арқылы жарыса құттықтауда. Сондай-ақ, Мейрамбекті алғашқылардың бірі болып өзінің сүйікті жары Мархабат құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Мархабат жарына деген ыстық сезімі мен ақ тілегін тәттілер арқылы жеткізген. Ол 41 деген жазуы бар арнайы торт әзірлеп, бұдан өзге күйеуіне деген сезімінің 50 түрлі себебі жазылған қорапша дайындаған. Әнші жарының ақ пейіліне деген ризашылығын жасыра алмады. Ол сүйіктісінен алған сыйлықтарын желідегі парақшасына жүктеп: “Уау”, – деп жазып қойды.

Өз кезегінде желі оқырмандары Мейрамбекті жарыса құттықтауда.

Уау 👍😍🍰🌹💥🌟🎻🎸🎺🎉

Публикация от Meirambek Besbaev (@m_besbaev)

Жіберіп алмаңыз:

Салтанат Бақаева: Жас кезімде ешқашан шымкенттікке тұрмысқа шықпаймын дейтінмін

Нұржан Керменбаев 10 жылдық концертіне әндерінің сөзін жаттамай келді (видео)

Мейрамбек Бесбаев: Шоу жасап, халықты алдамаймын

“Жігіттер” тобындағы Айдар алғаш рет отбасы жайлы айтты

Талқылау