Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әншілер жанды дауыста сайысқа түсуден бас тартып ұятқа қалды

Мейрамбек Бесбаев алдағы уақытта музыкалық арналардың бірін басқарып қалса, бірінші кезекте жартылай жалаңаш жүретін әншілерге “тұсау салатынын” айтқан болатын. Енді, міне, әншіге өзіндік жобасын құрыстырып, өзі қалаған ережелерді енгізу мүмкіндігі туып отыр. Stan.kz тілшісі аталған жобаның алғашқы түсіріліміне қатысып, жобаның шарттары туралы біліп қайтты.

ЖЕКП

“Мықты екеніңді дәлелдегің келеді ме? Алаңға шықта, барыңды сал!” Бұл Мейрамбек Бесбаевтың идеясынан туындаған “Жұлдызды жекпе-жек” бағдарламасының ұраны. Жоба жетекшілерінің сөзіне сенсек, додаға 14 өнерпаз, яғни 7 жұп қатысады. Әр бағдарлама 3 турдан тұрады. Сайысқа түскен 2 әнші алғашқы кезеңде өз репертуарындағы танымал тректі орындаса, екінші этапта жекпе-жекке шыққан қос қарсылас бір-бірінің әндерін шырқайды. Ал, үшінші турда қазылар төрағасы Мейрамбек Бесбаев ұсынған әнді сол сәтте өзіндік стилде орындауы шарт. Жеңімпазды жасырын дауыс беру арқылы қазылар таңдайды. Нәтижесінде үздік деп танылған әртіс келесі айналымға өтеді.

“Халық тыңдайтын, халық кімді көргісі келетінін, танымалдылығы жағынан, вокалдық қабілеті жағынан, жастары шамалас, деңгейлері тең түсетін әншілерді таңдадық. Алайда, уақытының жоқтығынан және орта буын әншілері бізді жарыстырмаңдар деген сияқты әртістер тарапынан бас тартқандар болды”, – дейді аталмыш жобаның бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова.

ЖЕК МЕЙР

Жекпе-жекке шыққан жұлдыздардың тізімінде Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Мақпал Исабекова, Дильназ Ахмадиева, Кенжебек Жанәбілов, Бейбіт Көшқалиев, Дастан Оразбеков, Мархаба Сәбиев сынды әншілер бар.

ЖЕК МАХАБА

“Жұлдыздардың өзінің жанды дауысын көрсетіп дәлелдеуге мүмкіндік деп есептеймін. Елімізге мұндай жобалар керек деп ойлаймын. Жалпы музыкалық бағдарламалардың бәрі жанды дауыстық форматқа өтсе бәрімізге пайдалы болар еді. Әсері де, рахаты да басқаша болар еді”, – деп Мархаба Сәби ерекше әсерге бөленгенін айтады.

ЖЕКЕ ДАС ОР

“Менің ойымша “Жұлдызды жекпе-жек” жобасы өз-өзімізге, халыққа есеп беру сияқты көрінді. Бір-бірін шағыстырып қоятындай немесе бір-бірінің сапасын дәлелдейтін бағдарлама емес. Ұсыныс түскенде қатысатын әртістердің тізімін айтты. Кәдімгідей беделді әртістер. Сондықтан, қатардан қалмай, өз үлесімізді қосайық деген мақсатпен қатыстым”, – дейді Дастан Оразбеков.

Алайда, таяқтың екі ұшы деген бар! Атышулы шоуға бірі оң бағасын берсе, жобада бақ сынаған өнерпаздардың ішінде көңілі толмаған танымалдар да жоқ емес.

ЖЕКЕП БЕЙБИТ

“Фонограмамен айтатын әнші “мәә, әлсіз екенмін. Маған дайындалу керек екен” дегендей өзінің қателіктерін білудің бір жолы. Негізі олай болмау керек қой. Әнші әрдайым дайын болуы керек. Бізде сол қателіктер кетіп қалған. Бірақ бір ұнамағаны қазылар мақтай береді. Олай болмайды ғой деп ойлаймын. Тағы қосарым кішкене әділетсіздіктің иісі шықты. Бірақ, дұрысын Құдай біледі. Мен де қателесуім мүмкін”, – деп іштей ренішін білдірген әнші Бейбіт Көшқалиевтің жаңа жоба жайлы пікірі осындай.

Айта кетейік, жұлдыздар арасында жекпе-жек ұйымдастырған жоба жетекшілері жартылай финал мен ақтық сынға 4 әншінің жолдама алғанын айтады. Ал, үздік төрттікті желтоқсан айында, тікелей эфирде халықтың дауыс беруі арқылы таңдайтын болады.

Оқи отырыңыз:

Бибігүл Төлегенова эстрада жолына түсіп кеткен Рымбаева мен Жүнісованы сынап тастады

Аманғали Сыпабеков алғаш рет әке атанды

Рахман Омардың жас әйелі: Өзге ұлт өкілдері сияқты күйеуімнің бірінші әйелімен жақсы араласқым келеді

Алпамыс Шәрімов: Әлем жұлдыздары дуэт айтуды ұсынды, бірақ Димаш ойлануда

Талқылау