Мейрамбек Бесбаев өзін сынға алған желі қолданушыларына ұрсып тастады

Мейрамбек Бесбаев өзін сынға алған желідегі оқырмандарына жауап берді. Әдетте жағымсыз пікірлерге мән бермейтін өнер иесі бұл жолы ерінбей жауап жазды. Шетелде демалды деп айыптаған көпшілікке, біреудің өміріне араласатын жандарға кеңесін айтты. 

"Адамның сөзі жүрегінің айнасы. Біз күн өткен сайын адамның көңіліне қарауды ұмытып барамыз. Біреудің жүрегін ауыр сөзбен жараласа, өсек айтып қараласа содан ләззат алатындар бар. Сіз соны жазғанда сол адамның жүрегі ауыратынын ойладыңыз ба? Көңіл-күйін бұзатыныңызды білдіңіз бе? Айналайындар, мен жүрген жерімнен сурет, видео тағы басқа салсам, бұл менің жеке парақшам.

Шетелге шығып қыдырып жүрсем, ол осы уақытқа дейінгі еткен еңбегімнің жемісі. Ешкімнің алдына барып мені жақсы көр, жоғары сүйре деген жоқпын. Ең алғаш домбыра арқалап шыққан күннен бастап халқым алақанына салып аялап келеді. Өнерімді бағалаған ағайынға алғыстан басқа айтарым жоқ. Жақсы көретін жандармен жақсы жаңалықтарымды бөлісіп отырғанды жөн санаймын. Өмірдің әрбір сәті қымбат. Уақыттың қадірін біліп, жымия қарап күліп, бір-бірімізді қадірлей білейікші. Бар қазақты бауырымдай жақсы көремін. Бақытты сәтімнен тағы бір естелік ловите", - деп жазды әнші парақшасында.  


Мейрамбек пен Мархабат Ернар Айдардың екінші қызына кіндік әке-шеше болды (видео)


Бұл әншінің жарымен бірге кезекті демалыста жүрген сәті. Желідегі оқырмандар әншілердің өмірін сөз етіп, халықтың арқасында демалып жүр деп пікір қалдырған. Әнші өз өмірі мен әрекетін сынға алған ағайынға осылай деп жауап жазған. Желі қолданушылары қолдап, бірі өз пікірін жазып жатыр. 

"Бақытты болыңдар! Өзіңді өнер жолына келген кішкентай кезіңнен танып келемін! "Бозторғай " әніңді жылап тыңдап едім. "Ауырып тұрдым, аунап тұрдым"-деген кезіңде де дұғада тілекші болдық! Аман бол", "Аллаһым пана болсыншы.Амандық тілеймін. Өте дұрыс айттың. Көре алмағанның көзі", "Өмір жастарың ұзақ, ата-аналарыңды қуантып, ұл қыздарыңның қызығын көрулеріңе шын жүректен тілектеспін", деп жазды олар.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр