Мейрамбек Бесбаев еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін көрсетті (фото)
Қазақ халқының сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы емес. Ол күнделікті өмірін жария етіп, өзгелер ұқсап елдің алдында “есеп бермейді”. Соған қарамастан, оның желідегі оқырмандары миллионнан асады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Тыңдармандар Бесбаевтың әр жарияланымын асыға күтеді. Анда-санда болса да, сүйікті әншілерін бір көргенге мәз болады.
Мәселен, күні кеше әнші желідегі парақшасына 90-жылдары түсірілген отбасылық суреттерін жүктеп, жанкүйерлерін бір қуантып қойды.
Желідегілер жастық шақтағы Мейрамбекті көріп, оның сымбаттылығына тағы да бір рет тамсанды. Олар әншінің ұл-қызын әкесіне ұқсатуда. Кейбіреулер Абухайырдың Мейрамбектің өзінен аумай қалғанын айтса, ендігілер Кәусарды “әкесінің аузынан түсіп қалған” деді.
Бесбаевтың жалғыз қызын оның туған қарындасына да ұқсатқандар көп болды.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева үлкен қызының өздігінен ақша табатынын айтып мақтанды
Оңтүстіккореялық әнші PSY тағы да YouTube-ты «шулатып» жатыр
Талқылау