Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев әйелі Мархабатты перзентханадан шығарып алды

Үшінші рет әке атанған Мейрамбек Бесбаев жары Мархабатты перзентханадан шығарып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Жаңалықты Сәкен Майғазиев жариялап, бір топ әріптестерінің перзентханаға барғанын көрсетті. 

“А-а-ал, қызымыздың бауы берік болсын! Мейрамбек пен Мархабат, балапанымыз инабатты, ақылды, білімді болып өссін. Сіздерге де жұғысты болсын”, – деп жазды әнші.  

Айта кетейік, үшінші рет әке атанған әнші қызына жантебірентерлік жазба жариялаған еді. 

“Күн сәулесі төгіліп келбетіңе,
Құрсағында анаңның тербетіле,
Толғағы жоқ әкеңді толғандырып,
Қызым менің,қош келдің жер бетіне!”, – деп жазған еді өнер иесі. 



Еске салайық, әншінің әйелі босану процесінің қалай өткенін айтып берген еді. 

Блогер келіншектің сөзінше, алғаш ана атанғандай сезімде жүр екен. 

“Қызымыз екеумізде бәрі жақсы. Қолымыз енді босап жатыр. Қаншама тілектер жазып жатырсыздар, алғысым шексіз. Әр әйелге жұғысты болсын. Мен кесарь тілігін жоспарладым. Өзің босансаң сол бойда ғана қиналып, кейін аттай шауып кетесің. Кесарь тілігіне түсіп, жансақтау бөлімінде жаттым. Келесі күні жүре алмай, қиналасың. Бірақ әркімнің ағзасы әртүрлі ғой. Бала теріс келіп тұрғасын, кесарь тілігін жоспарлады. Тіпті күнін де белгілеген едік, бірақ қызым жарық дүниеге келуге асықты. Мен арнайы емделіп, дайындалған жоқпын. ЭКО да жасатпадым. Алланың бізге берген үлкен сыйы”, – деді Мархабат. 

 

Талқылау