Мейірім Нұрсұлтанов әлемнің ең үздік бес боксшысының қатарына кірді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBО тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

WBC ұйымының жаңартылған рейтингінде 1-орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов WBО тұжырымының жаңартылған рейтингінде де үздік бестіктің қатарына қосылды. Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының салмағында сынға түсетін отандасымыздың алдында ұлыбританиялық Хамза Шираз бен Дензел Бентлиді және америкалық кіші Шейн Мозли тұр. Мейірім Кореяда өткізген жекпе-жегінде Казуто Такесаконы техникалық нокаутпен ұтып, WBO International белбеуін жеңіп алған еді.
Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсететін орта салмақта екі бірдей чемпиондық белбеу (IBF, WBO) Жәнібек Әлімханұлына тиеслі.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

